Жаңалықтар
-
Елорда күні қарсаңында Павлодарда 300 адам дуатлоннан жарысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі күні Павлодарда Елорда күніне орай дуатлоннан жарыс өтеді. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлады.
25.06.2019
-
Алматыда автобустар санын 4 есе арттыру жоспарлануда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бауыржан Байбек автобус техникасының, аксессуарлар мен қызмет көрсетудің «BUSWORLD Central Asia 2019» халықаралық көрмесінің ашылуына қатысты. Көрме өзінің жартығасырлық тарихында алғаш рет Орталық Азияда өтуде. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
25.06.2019
-
Арыс қаласы. 25.06.2019 ж.
Арыс қаласы, BAQ.KZ тілшісі. 25 маусым - бұл күні Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысының әкімдігі мен ҚР Қорғаныс министрлігі журналистерге арнайы пресс-тур ұйымдастырды. Пресс-тур барысында әлеуметтік желі арқылы тараған түрлі қауесет, халықтың үрейі мен қорқынышынан туындаған сауалдарға жауап іздеп көрдік.
25.06.2019
-
Биыл Павлодар облысынан көшкен адамдардың жартысы Нұр-Сұлтанға көшкен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы қаңтар-сәуірде облыстан 3987 адам қоныс аударған. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
25.06.2019
-
Елордада халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған акция өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында 26 маусым күні халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған «дені сау болу – сәнді!» ұранымен есірткіге қарсы кең ауқымды акция өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
25.06.2019
-
Қызылордада «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы аумағында мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, жұртшылықты тарта отырып «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы басталды. Бұл туралы kyzylorda-news.kz сайты хабарлайды.
25.06.2019
-
Арыстағы жарылыс. Журналистер жағдаймен танысып қайтты
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты журналистер пресс тур барысында Ордабасы ауданы, Төреарық ауылындағы Тәуке хан атындағы орта мектебіндегі Арыс қаласынан зардап шеккен азаматтарды уақытша қабылдау пунктіне соқты.
25.06.2019
-
Қарағандылық жас футболшылар Қазақстан чемпионатының кубогын жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Облыстық «Жастар» олимпиадалық резерв спорт мектебінің тәрбиеленушілері футболдан Қазақстан чемпионы атанды. Мұндай нәтижеге көп жылдан бері қол жеткізілмеген еді. Бұған дейін құрама тек республикалық біріншіліктердің жүлдегерлері атанған болатын. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
25.06.2019
-
Мемлекет басшысы Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
25.06.2019
-
«Қордай» өткізу пункті қайта жаңартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан-қырғыз шекарасындағы "Қордай" өткізу пунктін қайта жаңартуды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
25.06.2019
-
#АрысБізБіргеміз. Жамбылдықтар төрт медициналық көлік жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Арыс қаласындағы жарылыс салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек ретінде бір күндік айлық жалақысын аударды, деп мәлімдеді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
25.06.2019
-
Ертеңнен бастап Алматыда туристік автобустар жүретін болады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 26 маусымнан бастап Алматыда алғаш рет Гонконг және Лондон қалаларының үлгісі бойынша екі қабатты туристік автобус іске қосылады.
25.06.2019
-
Нұр-Сұлтанда аралас жекпе-жектен M-1 Challenge турнирі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 маусым күні Нұр-Сұлтанда «Барыс-Арена» көпфункционалды спорт кешенінде аралас жекпе-жектен M-1 Challenge 102 #ДругойТы_ в KAZ MMA турнирі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
25.06.2019
-
Сәбит Нұрлыбай жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
25.06.2019
-
Қызылордалықтар #Арысбізбіргеміз акциясына атсалысуда
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысының халқы Арыс қаласының тұрғындарына көмек қолын созуда.
25.06.2019
-
Арыс маңында арнайы жедел штаб жұмыс істеуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданы Ақжол ауылында орналасқан Жамбыл атындағы мектепте арнайы штаб жұмыс істеуде.
25.06.2019
-
Арыстық оқушылар Павлодардағы лагерьлерде демалады
Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі төрт қала сыртындағы лагерь Түркістан облысы Арыс қаласының 300-ден астам оқушысын қабылдауға әзір
25.06.2019
-
Өтемақы мәселесі. Зардап шеккен әр үй бойынша жеке-жеке шешім қабылданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Арыстағы тұрғын үйлердің көбі сақтандырылмағанын айтты.
25.06.2019
-
Арыс қаласының жүздеген оқушысы Ақтөбеде демалуы мүмкін
Арысқа көмекті ақтөбеліктер де жіберді. 24 мың тонна азық-түлік пен балаларға қажетті құралдар бүгін Түркістан облысына жол тартты. Тағы 5 миллион теңге қаржы жөнелтілді.
25.06.2019
-
Жапон инвесторлары Арыстағы зардап шеккендерге көмектесуге ниет білдірді
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен
кездесуде жапон компаниясының өкілі осыны мәлімдеді.
25.06.2019