Жаңалықтар
-
Қазақстанда былтыр 13,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз етуді мақсат ететін "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылдың қорытындысында республика бойынша барлығы 13,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл дегеніміз 115 800 пәтер.
13.01.2020
-
Екі кішкентай балам бар, 15 тәулікке соттамауды сұраймын – мас күйінде ұсталған жүргізуші
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайдағы полиция қызметкерлері 12 қаңтар күні сағат таңғы 5:58 шамасында мас күйінде көлік жүргізген жүргізушіні ұстаған. Бүгін оған қатысты сот өтті, деп хабарлайды alau.kz.
13.01.2020
-
Австралия табиғатты қалпына келтіру үшін 35 млн доллар бөлмек
Алматы, BAQ.KZ. Австралия билігі ормандағы өрттен кейін табиғатты қалпына келтіруге 35 млн доллар бөледі.
13.01.2020
-
Президент әлеуметтік маңызы бар тауарларды қымбаттатпауды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады.
13.01.2020
-
Тоқаев Жақып Асановты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады.
13.01.2020
-
ҰҚК пара алып жатқан прокурорларды ұстап алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері екі прокурорды кәсіпкерден 50 миллион теңге көлемінде ақша алып жатқан жерінен ұстап алды.
13.01.2020
-
ДСМ: Қазақстандықтар тегін алатын препараттардың саны 450-ден 715-ке артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 1 қаңтардан бастап тегін беріле бастаған дәрі-дәрмектің саны 450-ден 715-ке артты. Жаңадан шыққан бұйрыққа сәйкес, ауруларды емдеуге жаңа препараттар қосылды. Мәселен, онкологиялық ауруларға шалдыққан немесе гемофилиямен ауырғандарға жаңа дәрі-дәрмек берілетін болады.
13.01.2020
-
Министрлік WhatsApp-та тараған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова 1 қаңтардан бастап іске қосылған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты Whats App-та тараған фейк ақпаратқа сенбеуге шақырды. Бұл жөнінде ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.
13.01.2020
-
Бір данасы 1 млн теңге тұратын қымбат дәрілер МӘМС аясында тегін беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тегін берілетін дәрілер тізімі ұлғайғанымен қымбат дәрілер алынып тасталды деген шағымдар аймақтардан түсіп жатыр. Мәселен, "Сальбутамол", "Альвеско" деген аса қымбат дәрілер қазір берілмейді деген ақпарат тараған. Халық арасында туындаған осы мәселеге қатысты тілшінің сауалына "СҚ-Фармация" ЖШС басшысы Берік Шәріп брифинг барысында жауап берді.
13.01.2020
-
Екі өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола, Қостанай облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады "Қагидромет" РМК.
13.01.2020
-
Тоқаевтың бұрынғы баспасөз хатшысы жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Журналист Әділбек Қаба ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев айтты.
13.01.2020
-
Әшімбаев: Билік пен қоғам арасындағы қарым-қатысты нығайту өте маңызды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның азаматтық альянсының өткен жылды қорытындылап, 2020 жылдағы жоспарына арналған конференциясы өтті.
13.01.2020
-
Тісін емдеткеннен кейін комаға түскен балаға қатысты істі полиция қолға алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жекеменшік стоматологияда тісін емдеткеннен кейін екі аптадан бері есін жия алмай жатқан 2,5 жасар қыздың жағдайы әлі де ауыр.
13.01.2020
-
Филиппинде екі қазақстандық қалып қойған – СІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олар Манила әуежайы уақытша жабық болғандықтан ұша алмай отыр.
13.01.2020
-
Еламан Жолдасовтың денесі Түркістан облысында жерленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еламан Жолдасовтың отбасы әлі Каирде тұрып жатыр.
13.01.2020
-
Тегін дәрі-дәрмек 18 жасқа дейінгі балаларға беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биылдан бастап 192 дәрі-дәрмек атауы 18 жасқа дейінгі балаларға тегін берілетін болды.
13.01.2020
-
Мәскеуде төбелес болып, қазақстандық жігіт ұсталды – СІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ресей ақпарат құралдары төбелесте ресейлік жазушы, сатирик Михаил Жванецкийдің ұлы болған деп жазды.
13.01.2020
-
Қазақстанның АҚШ және Ресейдегі елшіліктері Telegram бот ашты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыртқы істер министрлігі екі мемлекеттегі елшіліктерінің қызметтерін жеңіл әрі жылдам көрсету мақсатында Telegram бот ашты.
13.01.2020
-
Әйелде елден шықпау туралы шектеу болған – Қырғызстан шекарасында ұсталған елшілік көлігі туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің осы жылдағы алғашқы брифингі барысында белгілі болды. Қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүріп жатыр.
13.01.2020
-
Аймағамбетов ғылым саласында қандай өзгерістер енгізілгенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР білім және ғылым министрі ғылымды басқару жүйесінде қандай өзгерістер енгізілгенін және алдағы жылы тағы қандай жаңалықтар болатындығы туралы айтты.
13.01.2020