Екі өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола, Қостанай облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады "Қагидромет" РМК. 

13 қаңтарда таңертең және күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

14 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында кей уақыттарда қар жауады, бұрқасын болады, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

14 қаңтарда Қостанай облысында қар, бұрқасын, кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Сол күні Қостанай қаласында қар, бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы