Жаңалықтар
-
Аудан әкімдері қала тұрғындарымен кездеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғындары өз сұрақтары мен шағым-өтініштерін қала билігіне жазбаша түрде жібере алады. Халықтың ыңғайы үшін барлық аудан орталықтарында, халық көп жиналатын сауда орталықтарында арнайы жәшіктер орнатылатын болады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
11.01.2020
-
Қазақстанның кәсіпқой бокстағы әлеуеті мықты
Алматы, BAQ.KZ. Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) супервайзері, бір кездері осы ұйымның басшысы Маурисио Сулейманның кеңесшісі болып жұмыс істеген Оксана Семенишина қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің мүмкіндіктері туралы пікір білдірді, деп хабарлады Prosports.kz.
11.01.2020
-
Мемлекет басшысы Оман Сұлтанына көңіл айту жеделхатын жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Қабус бен Саидтың қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
11.01.2020
-
Қытайдағы қауіпті індеттен бір адам қайтыс болды
Алматы, BAQ.KZ. Қытайдың Ухань қаласында 41 адам короновирус індетін жұқтырған, тағы мыңға жуық тұрғын бақылауға алынған.
11.01.2020
-
Көлгінов халық алдында есеп беру кездесуін өткізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімінің халық алдында есеп беру кездесуі 12 ақпанда сағат 10:00-де "Астана" концерт залында өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
11.01.2020
-
Зеленский Иранның ұшақты атып құлатқанын мойындауына қатысты пікір білдірді
Алматы, BAQ.KZ. Киев Тегераннан өз кінәсін толық мойындауын, ашық тергеу ісін және өтемақы төлеуін күтеді.
11.01.2020
-
Жванецкидің ұлын ұрды деген күдікпен екі қазақстандық студент ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Мәскеуде жазушы әрі сатирик Михаил Жванецкидің ұлын соққыға жықты деген күдікпен екі Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Baza телеграм-каналы хабарлады.
11.01.2020
-
АҚШ Иранға жаңа санкция салды
Алматы, BAQ.KZ. Бұл жолы Америка билігінің санкциясына Иранның сегіз шенеунігі мен елдің бірқатар өнеркәсіп саласы ілікті. Бұл туралы 24.kz хабарлады. Атап айтқанда, Вашингтон тау-кен, тоқыма және қайта өңдеу салаларына шектеу қойды.
11.01.2020
-
Лозанна-2020: Қазақстандық хоккейшілер алғашқы матчта жеңіске жетті
Алматы, BAQ.KZ. Жасөспірімдер Олимпиадасының алғашқы жарыс күні аяқталды. Бүгін айдынға шыққан қазақстандық хоккейшілер өз командаларына жеңіс әкелді деп хабарлайды Olympic.kz.
11.01.2020
-
Роухани ұшақтың атылғанына өкінішін білдірді
Алматы, BAQ.KZ. Иран Ислам Республикасының президенті ұшақ жарылысынан қаза тапқан адамдардың отбасына көңіл айтып, кінәлі әскерилерді жазалауға уәде берді. Бұл туралы ол twitter-де жазды.
11.01.2020
-
Иран украиндік ұшақты неліктен атып құлатқанын түсіндірді
Алматы, BAQ.KZ. Халықаралық Украина әуежелісіне тиесілі Boeing-737 ұшағы Ирандағы әскери нысан маңынан ұшып өткен. Әскерилер оны жау ұшағы деп қабылдап, атып құлатқан.
11.01.2020
-
Канада Иранда атып түсірілген ұшақтағы азаматтар санын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайтыс болған канадалықтар саны 57 адам. Осыған дейін 63 адам деген ақпарат таратылған болатын.
11.01.2020
-
Оманды 50 жыл басқарған сұлтан көз жұмды
Алматы, BAQ.KZ. 1970 жылдан бері Оманды басқарып келген 80 жастағы сұлтан Кабус бен Саид жұма күні кешке ұзаққа созылған ауруынан көз жұмды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
11.01.2020
-
Иран Украина ұшағын байқаусызда атып құлатқанын мойындады
Алматы, BAQ.KZ. Иран билігі "Халықаралық Украина әуежелісінің" жолаушылар ұшағын байқаусызда атып құлатқандарын ресми мойындады. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.
11.01.2020
-
Трамптың импичмент процесі Сенатқа өтеді
Алматы, BAQ.KZ. Америка президенті Дональд Трамптың импичмент жөніндегі материалдары келесі аптада Сенатқа түседі. Бұл туралы Politico басылымы жазды.
11.01.2020
-
Атырауда атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көрсетіліп жатқан АӘК-тің жаңа форматын таныстырды.
11.01.2020
-
Нығматулин көпбалалы аналармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Шығыс Қазақстан облысына сапары барысында, Өскемендегі Еңбекпен қамту орталығында болып, көп балалы аналармен және мекеме қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.
11.01.2020
-
Еліміздің 7 қаласында метеожағдай нашарлауы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 қаңтар күні Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.
11.01.2020
-
11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 11 қаңтар күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
11.01.2020
-
Ертіс өңірінің мәдениет мекемелері халықаралық байланысты нығайтуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақтың мәдениет ұжымдары жыл сайын үш-төрт шет мемлекетті аралап, қазақ өнерін дәріптеу арқылы өнерде шекараның болмайтынын дәлелдеп келеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
11.01.2020