3 маусымда екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 маусымда еліміздің екі қаласында – Шымкент пен Балқашта қолайсыз метеорологиялық жағдай орын алуы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

3 маусымда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы Шымкент пен Балқаш қалаларында тіркеледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы