Жаңалықтар
-
Қордайдағы төбелес. Алматыдағы бірқатар базар жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай төбелестен кейін Алматыдағы Барахолка базары уақытша жабылды.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. 80-дегі қарттың жамбасы сынды деген ақпарат бар – Абаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай төбелес кезінде 80 жастағы ақсақалдың жапа шеккені туралы ақпарат тарап жатыр. Осыған байланысты ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев пікір білдірді.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. Нәтижесін көріп отырсыздар – Абаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай төбелеске байланысты ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев пікір білдірді.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. Екі полицияға оқ тиді, 47 адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай төбелеске қатысқан 47 адам ұсталды.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. 8 адам қаза тауып, 40-тан астам жарақат алды – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 7 ақпандағы Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы жаппай төбелестен 8 адам қаза тауып, 40-тан астам жарақат алған. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.
08.02.2020
-
Елордадағы "Жанұя" орталығында ашық есік күні өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордадағы "Жанұя" отбасын қолдау институтында ашық есік күні өтіп жатыр, деп хабарлады Елорда Инфо.
08.02.2020
-
Қазақстандық боксшылар Венгриядағы турнирден үш алтын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дебреценде (Венгрия) бокстан халықаралық "Иштван Бочкай" турнирінің финалы өтті, деп хабарлады Olympic.kz.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. Президент арнайы мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдемесі жарияланды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
08.02.2020
-
Елімізде ауа райына байланысты жолдар жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты ел аумағындағы бірқатар автожол учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп жазды Хабар24.
08.02.2020
-
Президенттің идеямды бірден қолдап, қызығушылық білдіргенін көргенде өте қуандым – Эмин Әскеров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев кембағал жандарды жарылқап жүрген бизнес өкілдерімен Ақордада кездесті. Президентке маңызды проблемаларды жеткізген іскер азаматтар әлеуметтік кәсіпкерліктің бүгінгі беталысын талқылады. Осы саланың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген жанашыр азаматтың бірі – "Green TAL" әлеуметтік шеберханасының басшысы, "Best for kids" қоғамдық қорының вице-президенті Эмин Әскеровпен сұхбаттасқан едік.
08.02.2020
-
Абай-175: Аспапта орындаушы балалардың байқауы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жөнінде "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы мен "Бозторғай" қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою барысында белгілі болды. Республикалық байқау ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтпек.
08.02.2020
-
Атырауда биыл 141 көшенің жолы жаңарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласы мен қала аумағына қарасты елді мекендердің ұзындығы 71,2 шақырымды құрайтын 141 көшеге жол құрылысын жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
08.02.2020
-
Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 722 адамға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандар саны 8 ақпанда таңертең 724 адамға жетті, жұқтырғандар саны 34,8 мың адамға жетті, 2050 адам сауығып, шығарылды. Бұл туралы ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау жөнінен мемлекеттік комитеті хабарлады.
08.02.2020
-
8 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аумағының көп бөлігіне солтүстік-батыс циклон ықпал етеді. Сондықтан ел аумағының бірқатарында 8 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
08.02.2020
-
Нұр-Сұлтанда 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының мектептерінде 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. Шекара күзеті күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыз-қазақ шекарасында орналасқан Қырғызстанның шекарашылары Қазақстанның шекаралас аймағындағы ауылдағы жағдайдың ушығуына байланысты шекара күзетінің қызметін күшейтті.
08.02.2020
-
Ғалымдар мидың ерте қартаюын жеңудің әдісін тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нью-Йорктегі Олбани медицина колледжінің зерттеушілері кәрі тышқан миының ішінде иммундық жасушаның белгілі бір түрі түзілетінін және осы жасушалардың активациясы олардың жадын жақсартатынын анықтады. Зерттеу нәтижелері қартаюмен байланысты когнитивті құлдырау және нейродегенеративті аурулармен күресу әдістерін жасауға көмектеседі. Бұл туралы EurekAlert! сайтында хабарланды.
08.02.2020
-
Ақмола облысында жол бойында полицияның 52 бекеті жұмыс істеп тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы тәулікте Ақмола облысы аумағында ауа райының қолайсыздығы сақталады. Осыған байланысты жол-көлік оқиғасының алдын алу және төтенше жағдайларды ескерту үшін полицияның 52 бекеті ашылды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен хабарлады.
08.02.2020
-
Путинцева Бельгиямен матчта Қазақстан құрамасына алғашқы ұпай әкелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Федерация кубогы аясындағы матчтың екінші ойынында турнирдің финалдық кезеңінде ойнау құқығы үшін бельгиялық Исалин Бонавентурадан басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
.
08.02.2020
-
"Бизнестің жол картасы - 2020": Кәсіпкерлер 60 млрд теңгеден астам салық төледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 жыл ішінде "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы тиімді болды. Осы уақыт аралығында ақтөбелік кәсіпкерлер бюджетке 60 млрд теңгеден астам салық төледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Даму" қоры АҚ Ақтөбе филиалының директоры Берік Нұрғалиев айтты.
08.02.2020