Тоқаев полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Тwitter-дегі парақшасында жазды.

Қазақстанның полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Батылдық, адалдық, принципшілдік сияқты қасиеттер – қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі. Сіздер пандемияға қарсы күрес секілді қиын-қыстау кезеңде де өздеріңізге жүктелген күрделі міндеттерді адал атқарып келесіздер. Барша полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, бақ-береке, табыс тілеймін, - деді ол.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы