Жаңалықтар
-
Шығыс Қазақстандағы жазасын өтеушілер туыстарына арнап бетперде тігуде
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан түрмелеріндегі "Еңбек-Өскемен" РМК нысандарында жұмыс істейтін жазасын өтеушілер туған-туыстарына ерекше жолмен көмек көрсетуді қолға алды.
21.03.2020
-
ЕАЭО футболшылары көңілімнен шықпады – отандық футболшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Биылғы Қазақстан футболының жаңалығының бірі – ЕАЭО елдерінің ойыншылары елімізде легионер болып саналмайтыны. Сондықтан кейбір клубтар премьер-лиганың алғашқы турында 1-2 жергілікті ойыншыларды ғана алаңға шығарды.
21.03.2020
-
#Bizbirgemiz: Еріктілер төтенше жағдай кезінде ардагерлерге дәрі-дәрмек жеткізіп берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында волонтерлер Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлерге қажетті дәрі-дәрмек, азық-түліктер жеткізіп берді.
21.03.2020
-
Қытайдан гуманитарлық көмектің бірінші партиясы келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай Халық Республикасы Қазақстанға коронавируспен күресу үшін маскалар, қорғаныш көзілдіріктер және бір рет қолданатын медициналық қолғаптар берді.
21.03.2020
-
Төтенше жағдайда ауыл шаруашылығы нысандары жер салығынан босатылады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдай кезінде ауыл шаруашылығы нысандары жер салығынан және биологиялық активтерге салынатын қосымша құн салығынан босатылады.
21.03.2020
-
Алматы әкімдігі азық-түлікті жеткізу барысы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық әкімдіктің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев пен Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Арлан Қалуетов мегаполистегі кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысы туралы, бетперделер мен азық-түлікті жеткізу, олардың баға саясаты туралы мәлімдеді.
21.03.2020
-
#BizBirgemiz акциясы Қарағанды облысын қамтыды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысының еріктілері республикалық #BizBirgemiz акциясы аясында облыстың қалалары мен аудандарында тұрғындарға қажетті маска, антисептик таратты.
21.03.2020
-
Бақыт Сұлтанов маска мен антисептиктер өндірісі туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өзінің Фейсбуктегі парақшасында медициналық маска мен антисептиктер өндірісі туралы жазды.
21.03.2020
-
Мамин бірнеше елдің Үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен, Өзбекстан Республикасының премьер-министрі Абдулла Ариповпен, Қырғызстан Республикасының премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен және Тәжікстан Республикасының премьер-министрі Кохир Расулзодамен телефон арқылы сөйлесті.
21.03.2020
-
Карантиндегі студент: Менде бәрі жақсы
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда 14 күндік оқшауландыруда жатқан Айдана Капен денсаулығының жақсы екендігін айтты. Францияда білім алатын студент қыз 18-наурыз күні Қарағандыға Минсктен ұшып келген ұшақта болған.
21.03.2020
-
Ереже қатаң сақталып, тәртіп бұзылмауы тиіс – Көлгінов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов қаланың барлық блок-бекеттерінің жұмысын тексерді. Елордада 6 блок-бекет орнатылды. Олар Талапкер, Қараөткел (Ильинка), Қоянды, Қосшы, Жібек-Жолы елді-мекендері мен Нұр-Сұлтан-Петропавл автожолы учаскесінде орналасқан.
21.03.2020
-
Алматы облысындағы коронавирус жұқтырған азамат қажылықтан келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 53 адамға жетті. Осы ретте Алматы облысында коронавирус инфекциясы анықталған науқас қай елден келгені белгілі болды.
21.03.2020
-
Алматыда атмосфералық ауаның негізгі ластану көзі анықталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың жариялауына және карантиннің енгізуіне байланысты Алматы қаласында алғаш рет автомобиль көлігінің саны айтарлықтай төмендеді.
21.03.2020
-
Қарағандыға кіргізбей жатыр деген ақпарат жалған
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін аймақ тұрғындары арасында Whatsapp әлеуметтік желісі арқылы облыс орталығына кіргізбей жатыр деген ақпарат тарады. Қарағанды облысы әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын айтады.
21.03.2020
-
Коронавирус: Қырғызстанда тағы алты адам анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанда тағы алты адамнан коронавирустық инфекцияның белгісі анықталды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
21.03.2020
-
Қойылған талаптарды орындау қажет – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттердегі парақшасында коронавируспен күрес жұмысын үйлестіретін Шұғыл әрекет ету орталығына барғаны туралы жазды.
21.03.2020
-
Коронавирус: Парижде демалыста болған отбасының 4 айлық сәбиі жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 28 науқастың ішінде төрт айлық сәбиде бар екен. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.
21.03.2020
-
Нығматулин: Наурыз - ынтымақтың, жаңару мен жақсылықтың символы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы қарсаңында барша қазақстандықтарға өзінің игі тілегін жеткізді. Бұл туралы ол Твиттердегі парақшасында жазды.
21.03.2020
-
Мамин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі.
21.03.2020
-
Алматыдағы барлық ұлттық саябақ уақытша жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустың бұдан әрі таралуының алдын алу мақсатында 2020 жылдың 21 наурызынан бастап Алматы қаласындағы барлық ұлттық саябақ уақытша жабылады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
21.03.2020