Шорнақтағы жатақханаға күрделі құрылыс жұмыстары жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Шорнақ ауылында орналасқан Қ. Рысбеков атындағы 300 мектеп-интернаттың жатақханасына құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл интернатта әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар мен шалғайдағы шаруалардың балалары тұрақтайды. Осы сәтке дейін 356 оқушы білім алуда.

Жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен облыс әкімінің орынбасары Сакен Амангелдіұлы Қалқаманов, Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов танысты

Құрылыс өз уақытында сапалы жүргізіліп, балаларға барлық жағдайлары жасалынған заманауи кейіпке енуі қажет, - деп құрылысшы мекемеге бірқатар тапсырмалар берді Сәкен Қалқаманов

Жатақхана құрылысы жаңа оқу жылына дейін аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы