Жаңалықтар
-
Ақтоты Райымқұлова Аманхан Əлімұлының əулетіне көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мəдениет жəне Спорт министр Ақтоты Райымқұлова ақын Аманхан Әлімұлының қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтты.
30.03.2020
-
Қазақстан автомобиль жолдарының 97% тасқын суды өткізуге дайын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол қызметтері наурыз айының басынан бері республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күн сайын патрульдеуде, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
30.03.2020
-
Қазақстанға шетелден тағы 752 адам келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президенттің тапсырмасына сәйкес елге тағы 752 адам қайтарылады. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының тікелей эфирінен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.
30.03.2020
-
Шағын және орта бизнес өкілдерінің өтініштері мұқият сарапталады – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тwitter-дегі парақшасында ШОБ өкілдерінің үндеуімен танысқанын жазды.
30.03.2020
-
Су тасқыны: Төтенше жағдайдың алдын алудың барлық жағдайы жасалды
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысы аумағымен өтетін Шу, Талас және Аса өзендерінің арналарында су деңгейінің көтерілу, сондай-ақ тау бөктеріндегі еріген қар мен жаңбырдан су басу қаупі бар. Сондықтан да тасқынынға қарсы іс-шаралар жоспары аясында 142 километр дренаж және суару каналдары тазартылды.
30.03.2020
-
Дәрігерге коронавирус жұқтырып ауырса 2 млн, қайтыс болса 10 млн теңге төленеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус жұқтырған дәрігерге 2 миллион теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі беріледі. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының тікелей эфирінен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.
30.03.2020
-
Үкімет шешімі: Дәрігерлер айына миллион теңге алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі министрі Дәурен Абаев үкімет коронавирус індетімен күресіп жатқан медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеретінін айтты.
30.03.2020
-
Коронавирус: 8-29 сағат аралығындағы диагностика
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық сараптама орталығы жоғарғы тыныс алу жолдарынан алынған жағындыларға 2019-nCov коронавирус бойынша, сондай-ақ тұмау және тұмауға ұқсас вирустық инфекцияларға тегін негізде зерттеу жүргізеді.
30.03.2020
-
Ұлттық кеңес мүшелері халықты үйде отыруға шақырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық кеңестің мүшелері, соның ішінде Жәнібек Қожық, Асхат Садырбай, Ерлан Саиров, Айнұр Сәбитова, Дәурен Қуат, Арман Қашқынбаев, Төлеутай Рахымбеков және т.б. әлеуметтік желілерде барлық қазақстандыққа үйде қалуға үндейтін бейнежазбаларды жариялап жатыр.
30.03.2020
-
Дәрігер коронавирус жұқтырып алған жағдайда оған қанша төленеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті, деп хабарланды премьер-министрдің ресми сайтында.
30.03.2020
-
Қосшыда қайтыс болған адаммен байланыста болғандардан инфекция анықталып жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында коронавирустан қайтыс болған адамның бұған дейін Алматыда құдалықта болғаны айтылды. Қазір біз қонақта болған алты адамды тауып, оқшауладық, оның бірінен коронавирус анықталды.
30.03.2020
-
"Оңтүстік" әскерилерінің "қарулары" әлсіз емес
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Тараз қаласының көшелерін санитариялық залалсыздандырудың жаңа әдісімен тазартуды бастады. Енді олар қоғамдық орындарды хлор ерітіндісімен дезинфекциялап қана қоймай, жуып жүр.
30.03.2020
-
Алматыда коронавирус жұқтырғандардың көбі – Ресейден келгендер
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Сараптама нәтижелері бойынша осы науқастардың 97 пайызы инфекцияны сырттан әкелген, 3 пайызы ғана жергілікті.
30.03.2020
-
Әбдіқалықова қызылордалықтарға үндеу жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова коронавирус індетінің таралуына байланысты жергілікті телеарналар арқылы аймақ тұрғындарына үндеу жариялады.
30.03.2020
-
Қызылордада төтенше жағдай режимін бұзған 56 кәсіпкер жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы бойынша төтенше жағдай кезінде 56 кәсіпкер жауапқа тартылды, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.
30.03.2020
-
Енді Ақтөбеде дайын құжаттар тек бір ХҚО-да ғана беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында барлық халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы тоқтатылды. Азаматтар қызметтерді тек электрондық форматта алады.
30.03.2020
-
Алматыда карантиндік оқшаулауға 3 шипажай мен бір жатақхана бөлінді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында 419 азаматтың карантиндік оқшаулауда жатқанын мәлімдеді.
30.03.2020
-
Коронавирус: Жамбыл облысында шектеу шаралары енгізіледі
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының аумағында 31 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап шектеу шаралары енгізілмек. Ең бірінші, өңірдің және Тараз қаласының аумағына автокөлік құралдарының барлық түріне кіруге және шығуға тыйым салынбақ.
30.03.2020
-
Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 31 наурызда ауа райының бұзылуына байланысты Қызылорда облысында дабылды ескерту жасады.
30.03.2020
-
Нұр-Сұлтанға қосымша 300 мың маска әкелінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының дәріханаларына қосымша 300 мыңнан астам медициналық маска мен қолғаптар әкелінді.
30.03.2020