Жаңалықтар
-
"Сергек" камералары жүргізушілердің қайда барғанын бақылап отырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы "Сергек" камералары жүргізушілердің үйден жұмысқа дейінгі бағыттарын бақылап, егер басқа жаққа кетіп жатса анықтап отырады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов айтты.
31.03.2020
-
ХҚО-ның онлайн қызметін жетілдіре түсудеміз – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев еліміздегі Халыққа қызмет көрсеті орталықтарының онлайн қызыметі жетілдіріліп жатқанын айтты. Министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бүгінгі күнге дейін қашықтан ЭЦҚ алғандар саны 20 мыңға жуықтағанын жазды.
31.03.2020
-
Жол үстінде кәуап пісіргендер ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы әл-Фараби даңғылы үстінде от жағып, кәуап пісіріп жатқандарды ұстады. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
31.03.2020
-
Үш күн ішінде полицияға 307 адам жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Карантин режимінің күйшейтілген түрі енгізілген 28 наурыздан бері полиция департаментіне 307 адам жеткізілген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов айтты.
31.03.2020
-
Коронавируспен күресетін медицина қызметкерлері ай сайын қанша үстемақы алады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына ай сайынғы бекітілген үстемақы белгілеу туралы шешімді бекітті.
31.03.2020
-
Елорда әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 сәуірден бастап елорда әуежайына жолаушыларды тасымалдайтын барлық ұшақтың қонуына рұқсат берілмейді, деп хабарлайды ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметі.
31.03.2020
-
Коронавируспен күрес. Билік стратегиясының тиімділігі байқалады – Қарин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі төтенше жағдай өз тиімділігін көрсетті, дейді президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
31.03.2020
-
Қызылорда облысында шектеу шаралары енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы аумағы бойынша коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шаралары енгізілді.
31.03.2020
-
Заңсыз сатылмақ болған 9 мың маска мен 700 антисептик тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің екі өңірінде антисептикалық заттар мен медициналық маскаларды заңсыз сату фактілері анықталды, деп хабарлайды ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.
31.03.2020
-
Елімізде екі медбике коронавирус жұқтырып алды
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанда екі медбике науқастардан инфекция жұқтырып алды. Тәжірибе көрсеткендей әлемнің барлық елінде қауіпсіздік шараларына қарамастан дәрігерлер қатерлі топқа жатады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.
31.03.2020
-
Коронавирус індетін жұқтырғандар саны 325 адамға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы коронавирус бойынша 31 наурыз сағат 09:40 жағдай туралы хабарланды.
31.03.2020
-
Италияда коронавирус көрсеткіші төмендей бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияда коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асты, бір түнде 892 адам қайтыс болды.
31.03.2020
-
COVID-19 қандай температурада тез жұғады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гонконг университетінің ғалымдары коронавирустың қандай температурада белсенді болатынын әрі қай температурада тез өлетінін айтты. Мұны medRxiv порталы хабарлады.
31.03.2020
-
2 сәуірден бастап Қарағандыға кіріп-шығу шектеледі
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысында COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 13 адамға жетуіне байланысты Қарағандымен қосқанда Теміртау, Абай, Саран, Шахтинск қалалары біріктіріліп, ортақ карантин аумағы құрылады. 2 сәуір 00.00-ден бастап бұл карантин аумағына кіріп-шығуға шектеу қойылады.
31.03.2020
-
Үш қалада ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 наурыз күні еліміздің көптеген қалаларында қалыпты метеорологиялық ахуал болжанады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
31.03.2020
-
31 наурызға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 наурыз, сейсенбі күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тек оңтүстікте, оңтүстік-батыста және батыста жаңбыр күтіледі. Жекелеген өңірлерде екпінді жел болжанады. Оңтүстікте найзағай, түнде шаңды дауыл, ал шығыста түнде және таңертең тұман болжанады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
31.03.2020
-
Ресейде инфекция жұқтырған тағы 4 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде коронавирус жұқтырған және созылмалы дертке шалдыққан тағы 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Бұл туралы Мәскеудегі коронавируспен байланысты жағдайды бақылау мен мониторингілеу жөніндегі жедел штабтың Telegram-арнасынан хабарланған.
Мәскеуде 4 пациент қайтыс болды. Оларға «пневмония» диагнозы қойылған және коронавирус жұқтырғаны да анықталды. Марқұмдардың жасы 76 мен 86-ның аралығында. Олардың барлығы жүрек-қантамырларының созылмалы дертіне шалдыққан, - деді штаб өкілдері.
Сонымен қатар, қайтыс болғандардың созылмалы пиелонефрит, демікпе, мидың созылмалы ишемиясы сияқты сырқаттары бар екендіктері де анықталған. Екі адамда қант диабеті болған. Сондай-ақ екі ем алушы тыныс алу аппаратына қосылған.
ТАСС агентігінің жедел штаб мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Мәскеуде осыған дейін инфекция жұқтырған және басқа да сырқаты бар 7 азамат қайтыс болды. Мәскеуде вирустан қайтыс болғандардың жалпы саны 11 адамды құрап отыр.
31.03.2020
-
Семейде мектептер онлайн оқытуға әзірленуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласындағы мектептер онлайн оқытуға әзірленуде. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында хабарланды.
31.03.2020
-
Петропавл: Карантинге жатудан жалтарған тұрғын жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлда үй карантиніне алынған азамат талапты бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы СҚО ПД баспасөз қызметі хабарлайды.
31.03.2020
-
Грузия коменданттық сағат енгізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грузияда эпидемияның нашарлауына байланысты коменданттық сағат қабылданды. Бұл туралы Грузия премьер-министрі Георгий Гахария мәлімдеді, деп хабарлайды Грузия online.
31.03.2020