Жаңалықтар
-
Үндістанда тіркелген белгісіз дерттің пайда болу себептері айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаланың жүздеген тұрғыны тағамнан табылған ауыр металдармен және пестицидтермен улануы мүмкін.
12.12.2020
-
Днепрде құрылыс краны көлік жүргізушісін мерт қылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрылыс кранының бір бөлігі бетон араластырғыш көліктің кабинасын басып қалды. Көліктің ішінде жүргізуші болған.
12.12.2020
-
Германия қатаң карантин режимін енгізбек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияда коронавирустық инфекциямен ауырғандар саны жаңа рекорд көрсетті – елде бір күнде 30 мың жағдай тіркелді. Бұған Роберт Кох институтының мәліметтері дәлел, деп жазды ru.euronews.com.
12.12.2020
-
Таулы Қарабақта тағы атыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таулы Қарабақтың қорғаныс әскері жақында әзербайжандық әскерилер олардың бекетіне шабуыл жасамақ болды деп мәлімдеді.
12.12.2020
-
Ертең елордада автобустар жүрмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі күні, 13 желтоқсанда қоғамдық көліктің жұмысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
12.12.2020
-
Алматы эпидемиологтары мерекелік шаралардан бас тартуды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде және әлемде эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-сұхбат барысында алматылықтарды алдын алу шараларын назардан тыс қалдырмауға шақырды.
12.12.2020
-
Отандасымыз Қытайдағы халықаралық төрелік соттың судьясы болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандасымыз Қытайдағы халықаралық төрелік соттың судьясы болып тағайындалды. Гүлнұр Нұркеева көрші елде бірнеше жылдан бері заңгер болып жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».
12.12.2020
-
Балқаш тұрғыны үйінде үш келіден астам марихуана сақтаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер үйінде 3 келіден астам кептірілген марихуана сақтаған Балқаш тұрғынын құрықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
12.12.2020
-
Қарин: Сайлауда жастар мен әйелдердің саяси процестерге кеңінен қатысуын байқаймыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының әйелдер мен жастар үшін партиялық сайлау тізіміне 30 пайыздық квота енгізу туралы бастамасы жүзеге асырыла бастады.
12.12.2020
-
Табиғат жанашырларына «Экология саласының үздігі» медалі табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Маңғыстау облысының экобелсенділеріне, табиғат жанашырларына «Экология саласының үздігі» естелік медалін табыстады.
12.12.2020
-
Сапарбаев: Неге облыстық филармония ауылдарға барып өнер көрсетпейді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен кеңес өтті, онда бірқатар басқарма басшыларының идеологиялық салада атқарылған жұмыстар туралы есептері тыңдалды.
12.12.2020
-
Ресейлік дипломатқа ҚР СІМ ұстанымы көрсетілген нота табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Ресей Федерациясының Уақытша сенімді өкілі Александр Комаров шақырылды.
12.12.2020
-
ХОК триатлоннан медаль санын көбейтуден бас тартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Олимпиада комитеті 2024 жылғы Париж Олимпиадасы жарыс бағдарламасы мен квоталар санын бекітті. Осы орайда, триатлоннан медальдар саны еш өзгеріссіз қалды деп хабарлайды Olympic.kz.
12.12.2020
-
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 551 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 11 айында Ақтөбе облысының Полиция департаменті 551 жол-көлік оқиғасын тіркеді.
12.12.2020
-
11 айда пәтер ұрлығын жасаған 153 ақтөбелік ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 570 пәтер ұрлығы тіркелген.
12.12.2020
-
Президент климаттық амбициялар туралы Саммитте бейне үндеу жасайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 20:00-ден кейін Қазақстан Президенті Климат жөніндегі Париж келісімінің қабылданғанына 5 жыл толуына арналған климаттық амбициялар туралы Саммитте бейне үндеу жасайды.
12.12.2020
-
Еліміздегі жолдардың мәселесі туралы айтатын Youtube арнасы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан жолшыларының «Jol.kz» Youtube арнасы ашылды.
12.12.2020
-
Елімізде 42 мыңға жуық медицина қызметкері үстемеақы алады – ӘМСҚ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қараша айының қорытындысы бойынша Covid-19 және вирустық пневмонияға қарсы күреспен айналысатын 42 мыңға жуық медицина қызметкері жалақыға үстемеақы алады. Төлем сомасы 9,7 млрд теңгеден асады.
12.12.2020
-
Ақжолдықтар «Алаш» партиясына арналған монументтің ашылуына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздік күні қарсаңында ақжолдықтар Қазақстанның тәуелсіздігі жолында күрескен «Алаш» партиясы қайраткерлеріне құрмет көрсетті.
12.12.2020
-
Санкт-Петербургте баннерге Әлия Молдағұлованың орнына актрисаның суреті орналастырылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санкт-Петербургте Ленинград қорғаушыларына арналған баннерде КСРО батыры Әлия Молдағұлованың орнына кезінде батыр қыздың рөлін сомдаған актрисаның суреті орналастырылды. Баннердегі дәлсіздікті жергілікті тұрғын Жанар Құсайынова байқап, fontanka.ru порталына хабарласқан.
12.12.2020