Паркингтегі той әр адамға бұйыра бермейді. Қазақстандықтар хит той өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде жерасты паркингінде өткен той туралы видео тарап жатыр.

Тойдың нақты қайда өткені белгісіз. lada.kz-тің хабарлауынша, Ақтауда өткен болуы мүмкін.

Видеодағы ер кісі халықты тойға шақырып, паркингтегі тойды әлі ешкім көрмегенін айтты.

Біз бастап жатырмыз. Мына жақта көліктер тұрса, мына жақта той, - деді ол.

Сондай-ақ ер кісі 25 жыл той басқарғанын айтып, мектеп, тойхана, шатыр, бәрін көріп өскенін жеткізді.

Паркингтегі той әр адамға бұйыра бермейді. Бұл хит той ғой, - дейді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы