Жаңалықтар
-
Елде шай 12%-ға, кофе 5,3%-ға қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл қаңтар–сәуір айы аралығында елімізде 6,5 мың тонна өңделген шай мен кофе өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 20,5%-ға артық.
07.06.2021
-
«Бекіре-2021» акциясы қорытындыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Акция барысында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мемлекеттік инспекторлары құқық қорғау және табиғат қорғау органдарымен бірлесіп 2021 жылғы 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында балық қорғау заңнамасын бұзудың 1262 фактісін анықтады.
07.06.2021
-
«Еңбек». Биыл 200 адам кәсіптік оқудан өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нәтижелі жұмыспен қамту және кісіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында биыл 200 адамды кәсіптік білім беру, қайта даярлауға жіберу жоспарланған.
07.06.2021
-
АШМ: Қазақстан күрішпен 186% қамтамасыз етілген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа өндірістерді іске қосқанның нәтижесінде соңғы жылдары қайта өңделген күріш өндірісі қарқын алды. Алдағы бірнеше жылда егіс алқаптарын әртараптандыруға байланысты күрішті ішкі нарыққа жететіндей көлемде ғана өндіру жоспарланып отыр.
07.06.2021
-
Павлодарда балықты заңсыз аулаған тұрғын жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы Полиция департаменті табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері заңсыз балық аулауға, тасымалдауға және саудаға қарсы күрес бойынша алдын алу іс-шараларын тұрақты жүргізеді.
07.06.2021
-
Елімізде 2,2 млн адам вакцина алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы 7 маусымдағы мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинасының 1 компонентін 2 247 776 адам, 2 компонентін 1 187 464 адам қабылдады. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді.
07.06.2021
-
АШМ елге қызанақ пен бұрыш әкелуге тыйым салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешініндегі мемлекеттік инспекция комитеті 2021 жылдың 7-маусымынан бастап Түркменстан аумағынан қызанақ пен бұрыш өнімдерін әкелуге тыйым салып, уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды енгізді.
07.06.2021
-
Әскери қызметшілер мамандық бойынша даярланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәстүрлі түрде жазғы оқу кезеңінің басында өткізілетін жауынгерлік даярлық бойынша тактикалық-саптық сабақтар қорытындыланды.
07.06.2021
-
Жириновский бала тууды доғаруға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Владимир Жириновский Қытай Үкіметінің қытайлықтарға үшінші рет балалы болуға рұқсат беру туралы шешіміне қатысты пікірін білдірді.
07.06.2021
-
ҰБТ-дан 140 балл жинаған павлодарлыққа MacBook сыйлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылы 140 балл жинаған алғашқы нәтиже. Данияр Уәлиев жүзуден Қазақстан чемпионы және осы спорт түрінен спорт шеберіне үміткер.
07.06.2021
-
Павлодар облысында шыбын-шіркеймен күрес шаралары нәтижесін беруде
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде шыбын-шіркейдің көбеюіне қатысты жағдай тұрақталып келеді. Сала мамандары дезинсекциялық шаралардың аралық қорытындысын жариялады.
07.06.2021
-
Иманбектің шетелдік диджеймен бірігіп жазған туындысы шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық диджей Иманбек өз тыңдармандарын тағы бір туындымен қуантты.
07.06.2021
-
Тәуелсіздік-30: Ақмола облысында өнеркәсіп мен индустрия қалай дамыды?
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Ақмола өңірінде индустриялық сектор саласында 35 ірі және орташа өнеркәсіптік кәсіпорын құрылды. Олардың арасында халықаралық стандарттарға сай келетін жоғары технологиялық зауыттар мен фабрикалар бар. Өңірде индустрия мен кәсіпкерлікті дамытуда қандай қадамдар жасалды? Бұл туралы Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов айтып берді.
07.06.2021
-
Елордада Тәшенов пен Бараев көшелері жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ташенов көшесінен Бараев көшесіне дейінгі учаскеде нөсер кәрізінің магистральдық коллекторын салу жұмыстары жүргізіледі.
07.06.2021
-
Көлгінов жазғы демалысты қалай тиімді өткізуге болатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аула клубтарының желісін кеңейтеміз. Қазір қалада 32 аула клубы бар, бұл шамамен 3 мыңнан астам баланы қамтуға мүмкіндік береді.
07.06.2021
-
QazVac өндірушілері вакцинада формальдегидтің не себепті қолданылғанын түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми зерттеу институтының баспасөз қызметі Medsupportkz қауымдастығының ғалымдары мен дәрігерлерінің жарияланымында қозғалған мәселелер бойынша мәлімдеме жасады.
07.06.2021
-
Қазақстанда Ислам энциклопедиясы жарық көреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен Ислам энциклопедиясы жарық көреді. Бұл туралы Өскеменде өтіп жатқан ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ХХХ мәжілісінде мәлім болды.
07.06.2021
-
Алматыда көлігіне қару-жарақ арсеналын салып жүрген топ ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы қаладағы сауда үйінің бірінің тұрағында тұрған көліктен қару-жарақ арсеналын тәркіледі. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
07.06.2021
-
Жансая Әбдімәлік тарихи жеңісінен кейінгі әсерімен бөлісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Гибралтарда өткен «FIDE Women`s Grand Prix» шахмат жарысында топ жарып, Қазақстан тарихында тұңғыш рет ерлер арасында гроссмейстер атанған Жансая Әбдімәлік алған әсерімен бөлісті.
07.06.2021
-
«Қайраттың» бас бапкері Германия клубын жаттықтыратын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматының «Қайрат» клубының бас бапкері Алексей Шпилевский қызметінен кетті.
07.06.2021