Иманбектің шетелдік диджеймен бірігіп жазған туындысы шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық диджей Иманбек өз тыңдармандарын тағы бір туындымен қуантты.

Бұл жолы ол ағылшын-норвегиялық музыкалық продюсер, диджей Алан Уокермен бірлесіп трек жазды.

Туындының анонсын Иманбек те, Уокер де Instagram парақшаларына салды. 

Sweet Dreams деп аталатын композицияның үзіндісі YouTube-ке жүктелді.


Алан Олав Уокер 2015 жылы шыққан Faded синглынан кейін әйгілі бола бастады. Сол кезде ол бірнеше елде платина мәртебесіне ие болып, YouTube-те 3 млрд қаралым жинады.

2020 жылдың қорытындысына сәйкес DJ Magazine журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік диджейлер тізімінде 26-орынға тұрақтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы