Жаңалықтар
-
Елді мекендер мен көше аттарын тек қазақ тілінде жазатын уақыт келді – депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы әлі де көшедегі ана тілімізді қорлап, қате жазылған ақпараттан құтыла алмай жүруіміздің бірнеше себебін айтты.
01.02.2021
-
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары «Спутник V» вакцинасын салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қызылорда облысында COVID-19-ға қарсы вакцинация басталды. Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет «Спутник V» вакцинасын аймақта бірінші болып салдырды.
01.02.2021
-
test article 5
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Походы и путешествия (@himalayaclubkz)
01.02.2021
-
Түркістанда шығыс стиліндегі тұрғын үйлер салынуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында «Keruen Sarai» тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды. Тұрғын үй кешені шығыс стилінде салынады. Қазіргі уақытта «Түркістан» ӘКК» АҚ бастамашы болған серіктеспен бірлесіп, «Keruen Sarai» жаңа тұрғын үй кешенін салу жобасын іске асыруда.
01.02.2021
-
Бекшин вакцина салдырды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматыдағы №5 қалалық ауруханада денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары вакцина салдырды.
01.02.2021
-
Түркістан облысында да коронавирусқа қарсы вакцинация басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов, қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов, бас санитарлық дәрігер Нұрбек Нышанов алғашқы болып ресейлік Sputnik V вакцинасын салдырды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
01.02.2021
-
Жүргізушілерге енді өздерімен бірге тек жеке куәлігі болса жеткілікті – Қарин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық кеңестің іске асырылған бастамаларының қоржынында тағы бір заң бар, деп жазды Мемлекет басшысының көмекшісі Ерлан Қарин өзінің Телеграмдағы каналында.
Жүргізушілерге енді өздерімен бірге тек жеке куәлігі болса жеткілікті – Қарин
01.02.2021
-
Вакцина салдырған адамға темекі шегуге болмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов вакцинациядан кейін қандай қателіктер жасамау керектігін айтты.
01.02.2021
-
Елордада 21 мектеп карантинге жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада 21 мектеп карантинге жабылды. Жалпы, оқу жылы басталғаннан бері 75 мектеп карантинге жабылған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады.
01.02.2021
-
Қоғамда бізді вакцинацияға мәжбүрледі деген пікір бар. Алайда ол жалған – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордалық медицина қызметкерлері де бүгін алғашқылардың бірі болып вакцина қабылдауда. Нұр-Сұлтан қаласының №9 ауруханасында ұйымдастырылған екпе алу пунктіне барып, оларды вакцинациялау процесіне куә болып қайттық.
01.02.2021
-
«Коронавирус бағдаршамы». Қызыл, сары, жасыл аумақтар неге өзгере береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов жиі өзгеріп тұратын елордадағы «Коронавирус бағдаршамы» қатысты сауалға жауап берді.
01.02.2021
-
Мьянма әскери күштері елдегі билікті басып алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскерилер қараша айында сайлауда алаяқтық жасағаны үшін ел басшылығы ұсталғанын мәлімдеді. Ол кезде билеуші партия жеңіске жеткен еді. Мьянмада төтенше жағдай режимі енгізілді, билік Қарулы күштердің бас қолбасшысы Мин Аун Хлайинге берілді.
01.02.2021
-
Елорда тұрғындарын вакцинациялауға 3 млрд теңге жұмсалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда тұрғындарына Sputnik V вакцинасын салу үшін 3 миллион теңге жұмсалады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты.
01.02.2021
-
Кемінде 6 ай керек. Дәрігер вакцина салдыруға қатысты маңызды мәселені айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елімізде халықты коронавирустық инфекцияға қарсы кезең-кезеңімен вакцинациялау басталды. Елордада вакцина алуға қабілетті 735 мың адам бар екен. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты.
01.02.2021
-
Жол жүрісі мәселелері бойынша заңға өзгерістер мен толықтыру енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
01.02.2021
-
Қазақстанда стратегиялық инвесторларды қолдаудың жаңа құралы енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының инвесторларды одан әрі қолдау және стратегиялық инвестициялық келісімді енгізу туралы тапсырмасын орындау аясында Қазақстанда ағымдағы жылдың басынан бастап инвесторлар Парламентте ратификациялаусыз Үкіметпен инвестициялар туралы келісімді тікелей жасасуға мүмкіндікке ие болды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
01.02.2021
-
Стартаптарға қаншалықты қолдау қажет екенін білемін – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көптеген адамдарға менің өзім стартапер болғаным туралы белгілі. Әрине, мен стартаптарға қаншалықты қолдау қажет екенін білемін, деп жазды Facebook-тегі парақшасында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
01.02.2021
-
Елордада індет жұқтырғандар желтоқсан айымен салыстырғанда 35 пайызға өскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылдың алғашқы айында коронавирус індетін жұқтырғандардың саны былтырғы жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 35 пайызға өскен. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.
01.02.2021
-
Скринингті тұрақты түрде және уақытылы өту денсаулық үшін өте маңызды
Алматы, BAQ.KZ. Скрининг 2, яғни 0 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға және 30 жастан 70 жасқа дейінгі жас санатына жасалады. Балалар кәмелетке толғанға дейін жыл сайын профилактикалық тексеріп-қарудан өтіп тұрулары тиіс. Бұл туралы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Баспасөз қызметі хабарлады.
01.02.2021
-
Nur Otan депутаттары азаматтарды онлайн қабылдайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясының депутаттары партияның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдайды. Пандемияға байланысты шектеу шараларын ескере отырып, олар онлайн өтеді.
01.02.2021