ШҚТУ-да студенттер арасында ақшалай сертификаттар ойнатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да студенттердің арасында ақшалай сертификаттар ойнатылды. 


Білім алушылар ұжымдық иммунитетті құруға ат салысып, ұтыс ойынына қатысуға ниет білдірген болатын. 


Шарт бойынша олар Covid-19-ға қарсы вакцинасының алғашқы компонентін алып, процедураны растау туралы SMS-тің скриншотын арнайы поштаға 15 шілдеге дейін жіберді. Шарттарды толықтай орындаған студенттер ұтыс ойынына қатысуға мүмкіндік алды.  

Ұтыс ойыны лотерея форматында өтті, оның әділдігін Өскемен қалалық жастар орталығының өкілі Бақытжан Ерболқызы бақылады. Жеңімпаздар ұтып алған ақшалай сертификаттарды әлеуметтік-тәрбие жұмыстары және азаматтық даму басқармасынан ала алады. 50 жеңімпаз 15 мың теңгелік сертификат алады, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы