Жаңалықтар
-
Қаңтарда еліміздегі сырқаттанушылықтың орташа үрдісі сақталды – Ажар Ғиният
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз конференциясында Мемлекет басшысының елдегі эпидемиологиялық ахуал жөніндегі тапсырмаларының қалай іске асырылып жатқаны жайлы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ғиният Ажар айтты.
03.02.2021
-
Латын әліпбиін латын тілімен шатастыратындар бар – профессор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті. 2023 жылдан бастап Қазақстан латын әліпбиіне көшеді. Латын әліпбиінің маңызы жайлы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының тіл тарихы бөлімінің меңгерушісі Айнұр Аташбекқызының пікірін сұрап білдік.
03.02.2021
-
СOVID-19. Әлемдік рейтингте Қазақстан 109-орында тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
03.02.2021
-
«102» қосымшасы қалай жұмыс істейді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ішкі істер министрлігінде «102» мобильдік қосымшасы таныстырылды.
03.02.2021
-
Мемлекеттік қызмет саласындағы шағымдар 35%-ға азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша азаматтардан 146 өтініш келіп түсті.
03.02.2021
-
Алматыда жастарды әскер қатарына есепке қою жұмыстары жүргізіліп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда 17 жасқа толған жастарды әскерге шақырту учаскесіне тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары, полковник Фархат Құрманғажинов онлайн брифинг барысында айтты.
03.02.2021
-
Ұлыбритания Valneva вакцинасының қосымша 40 млн дозасына тапсырыс берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания франциялық Valneva фармацевтикалық компаниясынан коронавирустық вакцинаның қосымша 40 миллион дозасына тапсырыс берді.
03.02.2021
-
Сапарбаев: Кабинетте отырып, өздеріңізді үлкен бастық сезінбей, ауылдық округтерге барыңыздар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев кезекті аппараттық кеңесте аудан әкімдерінің саладағы инвестиция тарту бойынша әлсіз жұмыстарын сынға алды.
03.02.2021
-
Кәсіптер мен құзыреттердің атласы негізінде оқыту бағдарламалары енгізіле бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласын еліміздің жоғары оқу орындарымен және колледждерімен белсенді интеграциялауды жалғастыруда.
03.02.2021
-
Мұғалімдер үшін аттестаттаудың екінші кезеңін жеңілдеткіміз келеді – БҒМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде еліміз бойынша барлық мемлекеттік орган мен жеке және мемлекеттік кәсіпорындарда цифрландыру үрдісі толықтай жүргізіліп жатыр. Білім және ғылым министрлігінде де бұл бағытта біраз жұмыс атқарылды, дегенмен тоқмейілсуге болмайды, деп жазды ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари.
03.02.2021
-
АӨСШК-де Жол картасы бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің көмекшісі Мұрат Нұртілеу және ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің (АӨСШК) хатшылығына барды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
03.02.2021
-
COVID-19: Алматының Наурызбай ауданындағы медицина қызметкерлері 100% екпе алды
Алматы, BAQ.KZ. №36 Қалалық емхананың ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырғандардың ең алғашқысы екенін айта кеткен жөн.
03.02.2021
-
Аналогтық хабар тарату тарих қойнауына енді – Сағынтаев
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев цифрлы эфирлік телевизияға көшіру жобасының аяқталғанын хабарлады.
03.02.2021
-
Қоңырбаев: Техникалық университеттердің стартаптарына қызығушылық мол
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев өңірлік коммуникациялық қызмет алаңында өткен онлайн брифингте айтты.
03.02.2021
-
«e-Salyq Azamat» қосымшасынан еңбекақы туралы мәліметті білуге болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандықтар «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы еңбекақылары туралы мәліметтерді көре алады. Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бриффингте қосымшаның ерекшелігі туралы айтып берді.
03.02.2021
-
Қазақстанның онлайн сот процестеріне әлемнің 20 елінің өкілдері қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы Қазақстанның онлайн сот процестеріне қатысушылар әлемнің 20 елінен қосылды, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.
03.02.2021
-
Елордада 7 ақпанда автобус тоқтамайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 ақпанда қоғамдық көлік жүреді. Бұл туралы CTS баспасөз қызметі хабарлады.
03.02.2021
-
COVID-19: Латвия төтенше жағдай режимін сәуірге дейін ұзартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавируспен күрес аясында республика басшылығы сауда және білім беру саласындағы шектеулерді өзгертті.
03.02.2021
-
Елімізде «Парасат жолы» өңірлік орталықтары ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханда «Парасат жолы» өңірлік орталықтарының ашылу салтанаты болды.
03.02.2021
-
Кентауға 57 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кентау қаласының экономикасына негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 57,2 млрд. теңгеге жетіп, 2019 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге өскен.
03.02.2021