СҚО-да 70 ауылдық округ пен бір аудандық маңызы бар қаланың әкімі сайланады

Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі күні дауыс беру 174 сайлау учаскесінде жүруде. Барлық жерде учаскелер таңғы сағат 07-00-де ашылып, сайлаушылар келе бастады. 




2021 жылғы 25 шілдеде 174 сайлау учаскесі ашылып, дауыс беру басталды. Олардың барлығында сайлау комиссиялары толық құрамда жұмыс істеп жатыр. Облыс бойынша сайлау бюллетеньдеріне 214 кандидат енгізілді. Жалпы дауыс беру барысына 218 елді мекеннің тұрғындары қатысуда, - дейді Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тілеген Қаскин. 
 

Жалпы 3 округте 1-орынға – 2, 4 округте – 4 және 64 округте 1-орынға – 3 кандидаттан қатысып жатыр. Сайлау комиссиясы әр 2 сағат сайын барысы туралы ақпарат беріп отырмақ. 


Сайлау қызу жүріп жатқан округтердің бірі Аққайың ауданындағы Астраханка ауылы. Мұнда 695 сайлаушы бар екен. Тұрғындар таңғы сағат 07:00-ден келіп, өз таңдауын жасап жатыр. 


Ауылда мәдениет үйі жоқ, көрші ауылдарға апаратын жол нашар. Ауыл ішіндегі көшелерді де дұрыстаса дейміз. Осы мәселелерді шешеді деп ойлаймыз біз таңдаған әкім, - дейді Астраханка ауылының тұрғыны Серік Бейсенбаев. 
 

Жалпы халықтың белсенділігі жоғары дейді сайлау комиссияларының мүшелері. Бірақ дауыс бергендердің қаншасы келгені туралы ақпарат түнгі сағат 22-00-де ғана белгілі болады. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы