Жаңалықтар
-
Елордалық жоғары оқу орнының әскери кафедрасында бес мыңнан астам запастағы офицер дайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазіргі кезеңдегі азаматтық жоғары оқу орындарындағы әскери даярлық» тақырыбында конференция өтті. Іс-шара университеттің әскери кафедрасына 20 жыл толуына арналды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
22.02.2022
-
ШҚО-да қос азаматтық фактісі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шемонаиха ауданының полиция қызметкерлері құжаттарды тексеру кезінде желтоқсан айының басында Ресей Федерациясының азаматтығын алған және РФ азаматының төлқұжаты бар, Қазақстан аумағына кіру кезінде ҚР азаматының құжатын пайдаланған 55 жастағы ер адамнан қос азаматтық фактісі анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс.
22.02.2022
-
Мәжіліс депутаты қамаудағылардың жағдайымен танысты
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің ЛА-155/18 мекемесіне Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Хамедов Абилфас Мүсілімұлы, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы Алматы қаласы хатшылығының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысы Балғымбаев Назар Албанұлы келіп, тұтқындардың жағдайымен танысты.
22.02.2022
-
Тергеу изоляторының басшылары қамаудағылардың туыстарымен кездесті
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласындағы «Қаңтар оқиғасында» күдікті ретінде қамауға алынғандар жақындарымен жүздесті.
22.02.2022
-
Ақтауда ұланның әскери қызметшісі балабақшадағы өртті сөндіруге көмектесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда 6656 әскери бөлімінің келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі кіші сержант Қуаныш Бекжігітов балабақшадағы өртті сөндіруге көмектесті. Сержанттың өзі өзінің батыл әрекеті туралы ешкімге айтпады.
22.02.2022
-
Елімізде жасөспірімдерге арналған «Спутник М» вакцинасы тіркеуден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Гам-КОВИД-Вак-М» дәрілік құралына 8 айға уақытша тіркеу куәлігін берді.
22.02.2022
-
Фейк. Елде адамдарды оқшаулайтын карантиндік лагерьлер салынып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазнетте Семей маңында карантиндік лагерьлердің құрылысы басталғаны туралы ақпарат тарады.
22.02.2022
-
Студенттер депутаттарға жастар арасындағы бірқатар маңызды мәселені шешуге ықпал етуді сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепберген Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттерімен кездесіп, жастар арасындағы өзекті мәселелерді талқылады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
22.02.2022
-
Қызылордалықтардың 93 пайызы аймақтағы түрлі этнос өкілдерінің қарым-қатынасын «қолайлы» деп бағалады
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысында әлеуметтік зерттеу сауалнамасына қатысқан өңір тұрғындарының 93 пайызы аймақтағы түрлі этнос өкілдері арасындағы қарым-қатынасты «бір қалыпты», «қолайлы» деп бағалады.
22.02.2022
-
Міндетті түрде айтып отырмаса, ешкім жұмыс істегісі келмейді – Аймағамбетов кітапхана жұмысы туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында мектеп кітапханаларының жұмысындағы олқылықтарды атады.
22.02.2022
-
Мәдениет және спорт министрлігі Абзал Әжіғалиевтің жазбасына қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Абзал Әжіғалиевтің спортшыларды қандай жағдайда жаттығуға мәжбүрлегені туралы айтқан жазбасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
22.02.2022
-
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл жиынын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл жиынын өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
22.02.2022
-
Білім басқармаларының жұмысы көңілімізден шықпайды – Асхат Аймағамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында Білім басқармаларының жұмысын сынға алды.
22.02.2022
-
Қазақстан мен Иран сауданы кеңейту жолдарын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тегеранда ҚР Премьер-министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен ИИР ауыл шаруашылығы министрі Сейед Джавад Садати Нежадтың тең төрағалығымен Қазақстан-Иран Үкіметаралық комиссиясының 17-отырысы өтті, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
22.02.2022
-
СЭС: Тышқан шыққан тоқашты сатқандарға тексеріс жүргізе алмай отырмыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
22.02.2022
-
Сот экс-министрді екі айға қамауға алу туралы үкім шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамауға алу туралы үкім шығарды.
22.02.2022
-
Мемлекеттік басқаруда ғылыми зерттеулерге назар аудару керек – Бәйменов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы реформаларда мемлекеттік қызметтің тиімділігін жетілдіруге көңіл бөлінуі тиіс. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов айтты.
22.02.2022
-
Соңғы екі жылда 287 жекеменшік мектеп ашылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ Ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алпамыс Сатыбалдин ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтты.
22.02.2022
-
Қазақстан ҰҚШҰ аясында Украинаға бітімгершілік күштерін жібере алмайды – ҚР СІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында Украинаға бітімгершілік күштерін жібере алмайды. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
22.02.2022
-
Көпірден лақтырылған сарбаз: «Өлтір, көзін құрт!» деп ұрандап жүргендерден бəрін күтуге болар еді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміз үшін дүрбелеңмен басталған жылдың басы халқымызға ауыр тиді. Мемлекет тәуелсіздігінің тұрақтылығына қауіп төндірген бұл оқиға кезінде Президентіміз елімізде төтенше жағдай жариялауға дейін барды. Ел басына күн туғанда ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ішкі істердің күштік құрылымдарымен бірге құқықтық тәртіп әскері – Ұлттық ұланның жауынгерлері екені айдан анық. «Батыр майданда шынығады, болат қайнауда шынығады» деген халық мақалы бекер айтылмаса керек.
22.02.2022