22 Ақпан 2022, 15:31
Соңғы екі жылда 287 жекеменшік мектеп ашылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ Ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алпамыс Сатыбалдин ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтты.
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ Ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алпамыс Сатыбалдин ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтты.
Оның айтуынша, елімізде 2019-2021 жылдары 94 696 орындық 287 жекеменшік мектеп ашылған.
Өңірлер арасында жекеменшік мектептерді ашу бойынша Түркістан облысы көшбастап тұр, бұл өңірде 56 мектеп ашылған. Шымкент қаласында - 52, Алматыда - 41, Нұр-Сұлтанда - 29, Жамбыл облысында - 30, Алматы облысында - 17, Қызылорда облысында - 16, Маңғыстау облысында - 14 және Ақтөбе облысында 8 мектеп ашылған.
Жекеменшік мектептердің ең аз саны мына өңірлерде тіркелген: Ақмола, Атырау - 5, Павлодар - 4, Қостанай - 3, СҚО, Қарағанды, Батыс Қазақстанда 2-ден және Шығыс Қазақстан облысында – 1 мектеп, - деді Алпамыс Сатыбалдин.
Жекеменшік мектептердің жалпы саны 408 бірлікке жеткен.
- Елде тұрғын үй секторындағы өрт 16 пайызға азайған 22:10
- ТМД елдерінде 2028 жыл әлеуметтік даму және өмір сапасы жылы болып жарияланды 21:47
- Каспийдегі қаза: әскери қызметшілердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетілді 21:08
- Астанада оқушылар аялдаманың бейнебақылау камерасын сындырды 20:54
- Маусымдық тұмау Қазақстанның екі өңіріне жетті 20:29
- Оралда екі жасөспірім биіктен құлап қаза тапты: Полиция тергеуді бастады 20:13
- Бордақылау алаңын салғысы келген инвесторға кедергі келтірген әкім жауапқа тартылды 19:47