Жаңалықтар
-
Бағаға мораторий және мұнай нарығы: Қазақстан энергетикасына әсері қандай?
Өткен аптада Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет мүшелерімен және мемлекеттік органдар басшыларымен кеңес өткізді. Кеңесте 16 қазаннан бастап АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын өсіруге мораторий жариялады. АИ-92 және дизель отынына бағаны өсіруге жарияланған мораторий елдің энергетика саласына қалай әсер етеді? Бұл шешім мұнай өңдеу зауыттарының жаңғыртылуына және отын нарығының жалпы дамуына қалай ықпал етеді, сарапшының пікірін білген едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
21.10.2025
-
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК еліміздің 11 қаласында ауа сапасы төмендейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21.10.2025
-
Трамп Ким Чен Ынмен кездесуге дайындалуда
Трамп шенеуніктері АҚШ президентінің Азияға алдағы сапары кезінде Ким Чен Ынмен кездесуді үнсіз талқылап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21.10.2025
-
ЕО-ның Израильге қарсы санкциялары ашық сұрақ болып қала береді
Дипломаттар Палестина аймағындағы жағдайды Израиль билігіне қысымды жеңілдету үшін тым жеңіл деп атады, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews арнасына сілтеме жасап.
21.10.2025
-
Елде әрбір алтыншы отбасы бала сүйе алмайды – репродуктолог
Қазақстанда бедеулік көбейіп барады. 50% жағдайда кінәрат ерлердің денсаулығынан табылады. Жалпы, бедеуліктің артуы 95% жағдайда туа біте емес, адамның өзінің немқұрайлы қарауынан туындайды. Басты себептерін ҚР ДСМ Аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Шакизат Халықова "Түйін" ақпараттық-сараптамалық бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21.10.2025
-
Атырауда әйел полицейді пышақтады
Атыраудың Привокзальный шағын ауданындағы үйлердің бірінде отбасылық жанжал туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына екі учаскелік полиция инспекторы жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21.10.2025
-
Шымкентте алаяқтар ерлі-зайыптыны 25 млн теңгеден астам қаражатқа алдаған
Шымкентте полицейлер ірі көлемде ақша жымқырған күдіктілерді құрықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
21.10.2025
-
Енді жеке тұлғалар шетелден жүк көліктері мен автобустар әкеле алмайды
Бүгіннен бастап қазақстандықтар шетелден жүк көліктері мен автобустарды кіргізе алмайды. Еуразиялық экономикалық комиссияның көлік әкелу тәртібін өзгерту туралы шешімі күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21.10.2025
-
Оқушымен төбелескен мұғалім жұмыстан шығарылды – Ресей
Бурятияның ауылдық мектебінде физика пәнінің мұғалімі мен орта сынып оқушысының арасында болған жанжалдан кейін дау шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21.10.2025
-
Министрлік мәлімдемесі: Орынбор ГӨЗ-дегі апат Астананы газдандыруға әсер етті ме?
Еліміздің Энергетика министрлігі Орынбор газ өңдеу зауытында (ГӨЗ) таяуда болған апат Астанаға газ жеткізу жұмысына кері әсер ету ықтималдығы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.10.2025
-
Әйелдер күресінен әлем чемпионаты: ұлттық құраманың тізімі жарияланды
22-25 қазан аралығында Сербияның Нови-Сад қаласында өтетін 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында әйелдер күресінен ел намысын қорғайтын балуандар белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.10.2025
-
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастық перспективалары өте зор, әсіресе экономикалық салада
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевтің кездесуі екі ел арасындағы өзара сенім мен стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Сарапшылардың пікірінше, бұл сапардың маңызы ерекше – ол тек символдық сипатқа ие емес, сонымен бірге саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетудің нақты тетіктерін айқындайтын тарихи қадам болмақ. Біз бұл кездесудің мәні мен нәтижелері туралы пікір алу үшін «Оңтүстік Кавказ» саясаттанушылар клубының жетекшісі Ильгар Велизадемен сұхбаттастық.
20.10.2025
-
Президент Юрий Аравиннің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 20 қазанда көрнекті мәдениет қайраткері, "Отан" орденінің иегері Юрий Аравиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.10.2025
-
Семейде 5 автокөліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды
Семей қаласында бес автокөліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды. Екі көліктің жүргізушілері зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.10.2025
-
Адам тағдырына араша: Жетісуда есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды
Полиция, прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бірлескен әрекеттерінің нәтижесінде Жетісу облысында синтетикалық есірткі шығаратын жасырын зертхананың қызметі тоқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.10.2025
-
"Қайрат" – мықты команда, бірақ біз жеңуге ниеттіміз – "Пафостың" бас бапкері
Кипрдің “Пафос” клубының бас бапкері Хуан Карлос Карседо УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турда “Қайратқа” қарсы өтетін матч алдындағы командасының көңіл күйімен бөлісті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
20.10.2025
-
Сейсенбіде 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
2025 жылы 21 қазанда Қазақстанның 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20.10.2025
-
Ұлттық қор мен бюджет тұрақтылығы: Президенттің тапсырмалары жүзеге асуда
Бүгін Мәжілістегі "AMANAT" партиясы фракциясының кеңейтілген жиыны барысында халық қалаулылары "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" және "2026-2028 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" заң жобаларын қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.10.2025
-
Сирек есімдер: Елімізде "Қазақстан" деп аталатын адамдар саны қанша?
Қазақстанда "Қазақстан" деп аталған 28 азамат тұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
20.10.2025
-
Астанада қашан қар жауатыны белгілі болды
"Қазгидромет" болжауынша, Астанада қазан айының соңында қарлы жауын-шашын болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
20.10.2025