20 Қазан 2025, 22:18
Фото: polisia.kz
Адам тағдырына араша: Жетісуда есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды
Полиция, прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бірлескен әрекеттерінің нәтижесінде Жетісу облысында синтетикалық есірткі шығаратын жасырын зертхананың қызметі тоқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полиция, прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бірлескен әрекеттерінің нәтижесінде Жетісу облысында синтетикалық есірткі шығаратын жасырын зертхананың қызметі тоқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полицияның мәліметі бойынша, арнайы операция Ескелді ауданы аумағында жүргізілген. Полиция қызметкерлері мұқият жасырылған зертхананы анықтаған, онда екі шетел азаматы мен Астана тұрғыны синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған.
Тінту кезінде кәсіби жабдықтар, 6,4 келіден астам "мефедрон", сондай-ақ есірткі дайындауға арналған прекурсор қалдықтары бар 200 литрлік реактор тәркіленген.
Барлық күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Жетісу облысының мамандандырылған сотының үкімімен үшеуі де кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Полиция осылайша ірі көлемде есірткінің таралуына тосқауыл қойып, адамдардың тағдырына араша түсті, – деп хабарлайды полиция.
- Ақмарал Ерекешева Чехиядағы Гран-приде төрт жүлде жеңіп алды 21:48
- Атырауда «ALTYN ORDA» халықаралық садақ ату турнирі өтіп жатыр 21:11
- БРИКС, БАӘ және транзит: Қазақстан экономикалық мүмкіндіктерін қалай кеңейтуде 20:59
- БРИКС плюс: Қазақстан транзит пен инвестиция мүмкіндіктерін кеңейтуде – Сарапшы 20:58
- Жапонияда үкімет қайта жасақталады: Такаити қарсыластарын қызметінде қалдырмақ 20:55
- Қосшыда сауда үйінде жанжал шығарған ер адам 15 тәулікке қамалды 20:40
- Қазақстанда алғаш рет: Алматының қалалық кардиоорталығы JCI аккредитациясын алды 20:10