Жаңалықтар
-
Жетісу облысында асыл тұқымды ірі қара саны 20% артты
Жетісу облысында асыл тұқымды мал саны ұлғайып келеді. Жалпы өңірде мал шаруашылығы бағытында 2561 шаруашылық тіркелген, олардағы ірі қара саны жарты миллионға жетеді, соның ішінде асыл тұқымды малдың үлесі 20,2% немесе 108,2 басқа көбейген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29.11.2022
-
Литвада Қазақстандағы президенттік сайлау қорытындылары талқыланды
Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Литваның сарапшыларымен кездесу өткізіп, оның барысында Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау нәтижелері және саяси реформалардың жүзеге асырылуы талқыланды.
Қазақстандық дипломат еліміздегі саяси және экономикалық өзгерістерге ұйытқы болған ағымдағы жылғы оқиғалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Литва тарапының назарына еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі оқиғалар хронологиясы, атап айтқанда ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдумның өткізілуі, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында ұсынған бастамалары, сондай-ақ мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа моделін қалыптастыруға мүмкіндік берген және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтетін алты маңызды заңның қабылдануы ұсынылды.
В.Темірбаевтың пікірінше, маусымдағы референдумнан кейін жаңа мандат алу және реформалар қарқынын сақтау үшін қажетті кезектен тыс президенттік сайлауды өткізу жедел және терең трансформацияның қисынды жалғасы болды.
Литвадан келген байқаушылар тобының мүшесі, Сеймнің Экономикалық комитетінің төрағасы Казис Старкевичюс дауыс беру барысын жоғары бағалады. Оның айтуынша, ол халықаралық стандарттарға сәйкес, ашық және еркін сайлау қағидаттарына сай өтті. Литвалық депутат Қазақстандағы дауыс беруді дайындау мен өткізу процесінің өзі бірнеше рет байқаушы ретінде қатысқан Еуропа елдеріндегі сайлаумен ұқсастығын атап өтті.
29.11.2022
-
Алматыда климаттың өзгеруі мәселесі талқыланды
Алматыда сарапшылардың қатысуымен «Орталық Азиядағы климаттық өзгерістердің әсерін ескеріп, төмен көміртекті дамуға арналған өңірлік ынтымақтастық» атты екінші форум өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29.11.2022
-
Таразда 1 желтоқсаннан бастап «Сергек» жүйесі іске қосылады
Жамбыл облысының орталығында биыл 1-ші желтоқсаннан бастап, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамассыз ететін «Сергек» жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29.11.2022
-
Қазақфильм Қазақстандағы жаппай жекешелендіру туралы толықметражды фильм түсіріп жатыр
«Әбіл» атты жұмыс атауымен жаңа картинаның түсірілімі ағымдағы жылдың қазан айының ортасында басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29.11.2022
-
Астанада апатқа байланысты 230-дан астам үй газсыз қалды
Астанада Көктал-1 шағын ауданының тұрғындары газсыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясына сілтеме жасап.
29.11.2022
-
ӘЧ-2022: Оңтүстік Корея Гана құрамасынан жеңіліп қалды
Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында 28 қарашада H тобында екінші турында Оңтүстік Корея және Гана кездесуі аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28.11.2022
-
10 өңірде ескерту жарияланды
Қазгидромет 29 қарашада бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28.11.2022
-
Жезқазғандағы жылу орталығының қазандығынан ақау шықты
Жезқазған қаласының жылу электр орталығының №5 қазандық агрегатынан ақау шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28.11.2022
-
Еліміздің 7 өңірінде жолдар жабылды
Бүгін кешке қарай Қазақстанның 7 өңірінде автокөлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28.11.2022
-
Алматыдан 668 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 28 қараша күні сағат 19:10-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28.11.2022
-
Тоқаев Ресейдің Үкімет басшысымен кездесті
Мемлекет басшысы Мәскеуге ресми сапары аясында Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтесме жасап.
28.11.2022
-
Брюссельде футбол жанкүйерлері тәртіпсіздік орнатты
Қатарда футболдан әлем чемпионатында сынға түскен Бельгия мен Марокко ойыны Бельгиялық команданың жеңілісімен аяқталғаннан кейін ел астанасы Брюссельде жанкүйерлер бүлік шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28.11.2022
-
Елордада жыл басынан бері 23 жылы аялдама салынды
Бүгінгі таңда қала бойынша 180-нен астам жабық типтегі аялдама павильоны орнатылды, деп хабарлады BAQ.KZ.
28.11.2022
-
Қазақстандық теннисші халықаралық турнирде чемпион атанды
Қазақстандық Роберт Каминский Вильнюс қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында өткен екінші санаттағы Tennis Europe турнирінде чемпион атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28.11.2022
-
Ауғанстанда балалар жаппай қызылшамен ауырып жатыр
Ауғанстанда соңғы үш айда қызылшадан 11 бала қайтыс болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28.11.2022
-
Екібастұздағы жағдай: 20-ға жуық көпқабатты үй жылусыз отыр
Екібастұз қаласында 20-ға жуық көпқабатты үйде әлі күнге дейін жылу жоқ, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
28.11.2022
-
Қытай «Шэньчжоу-15» ғарыш кемесін орбита стансасына ұшырады
«Шэньчжоу-15» басқарылатын ғарыш кемесі Қытайдың орбита станциясына сейсенбі күні ұшырылады. Бұл туралы дүйсенбіде ғарышқа ұшу бағдарламасының Қытай басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
28.11.2022
-
Аманаттықтар Екібастұз қаласының тұрғындарына 1000-нан астам жылытқыш жіберді
«AMANAT» партиясының мүшелері Екібастұз қаласының жылусыз қалған тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28.11.2022
-
Үкіметте Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкіметте Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28.11.2022