Полиция есірткі пайдаланған Төреғали Төрәліні ұстады

Бұл туралы Алматы қалалық ПД мәлімдеді,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

14  маусым Майлин көшесінің бойында, солтүстік бағытта, жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы 1992 жылы туған А. есімді азаматтың басқаруындағы Lexus автокөлігін тоқтатты. Жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінді: ол агрессивті болды, полицияның заңды талаптарына бағынбады, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтіріп, ұсталған орнынан қашып кетпек болды- делінген хабарламада.

Қазіргі кезде құқық бұзушының жолы бұғатталды.

Патрульдік полиция қызметкерлері оны ұстап, медициналық тексеруге алып барды. Сараптама нәтижесінде А. есімді азаматтың есірткіге мас екендігі белгілі болды. ҚР ӘҚбК-нің 608 бабы 3 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 613 бабы 1 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 599 бабы 1 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 596 бабы  3 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 600 бабы 1 бөлігі және ҚР ӘҚбК-нің 230 бабы 2 бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Өндіріс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілетін болады, - деді полицейлер.

Еске сала кетейік, бұған дейін әншінің гидті соққыға жыққан видеосы тарап, қылмыстық іс қозғалған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы