Жаңалықтар
-
Ет өнімдерінің экспортына тыйым салуды тоқтату қажет – депутат
Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінң төрағасы Марат Омаровқа және Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа ет экспортына қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
26.11.2025
-
Депутаттар: Аудан әкімдерін сайлау үдерісін уақытша тоқтата тұрған жөн
Мәжіліс отырысында Ерлан Саиров депутаттық сауалында еліміз соңғы 5 жылда айтарлықтай ірі қадамдар жасап, бүгінде әрбір жексенбі сайын ауыл, аудан, қала әкімдерінің сайлауы өтіп жатқанын айтты. Алайда мәселенің пысықтайтын тұстары да бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
26.11.2025
-
Қазақстанда 4 мыңнан астам дәрігер жетіспейді
Қазақстанда медицина кадрларына деген тапшылық әлі де күрделі болып тұр. Мәжіліс отырысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев елдегі дәрігерлер мен орта буын мамандарының жетіспеушілігі туралы өзекті статистиканы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.11.2025
-
ІІМ қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты пікір білдірді
Астанада жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның қаза болуына байланысты қылмыстық іс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ІІМ вице-министрі Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.11.2025
-
Несие алуға қатысты тағы бір өзгеріс болады
Қазақстандықтар енді бір уақытта бірнеше несие ала алмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.11.2025
-
Қазақстанда маска режимі енгізіле ме? ДСМ жауап берді
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Мәжіліс кулуарында Қазақстанда маска режимін енгізу-енгізбеуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.11.2025
-
Тоқаев ҰҚШҰ отырысына қатысу үшін Бішкекке барды
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
26.11.2025
-
Бір жылда 1916 қаза: Қазақстандағы жол апаттарының себептері неде?
2025 жылдың басынан бері Қазақстанда 29 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 1 916 адам қаза тауып, 40 мыңнан аса адам жарақат алды. Камералар саны көбейіп жатыр, жол қозғалысы дрондар арқылы қадағалана бастады, бірақ неліктен жол апаттары азаймай отыр? Бұл сұраққа ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.11.2025
-
Индонезияда нөсер жаңбырдың салдарынан 10 адам қаза тапты
Индонезияның Суматра аралында толассыз жауған жаңбырдан болған су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан кемінде 10 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.11.2025
-
Ринат Зайыт: Дәрігерлерге шабуыл үшін жазаны күшейту қажет
Мәжілісте медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметін қорғауға бағытталған заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Депутат Ринат Зайыттың айтуынша, бұл бастама денсаулық сақтау саласындағы қауіпсіздік мәселелерін шешуге бағытталған маңызды құжат, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.11.2025
-
Дәрігерлерді ұрғандар кемінде 2 млн теңге айыппұл арқалауы мүмкін: Депутат ұсынысқа қарсы шықты
Мәжілістің жалпы отырысында медицина қызметкерлерін қорғауға бағытталған заң жобасын талқылау барысында депутаттар арасында қызу пікірталас болды. Депутат Снежанна Имашева ұсынылған айыппұлдар мен санкциялар тым қатаң болуы мүмкін екенін атап өтіп, бірқатар сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.11.2025
-
Digital Qazaqstan цифрландырудың кең ауқымды стратегиясының моделін бекітті
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Цифрлық штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
26.11.2025
-
Алматыдағы бірнеше ауданда құрылыс жүргізуге 20 жылға тыйым салынды
Алматыда 30 жер телімі 20 жыл мерзімге резервке қойылды. Осы уақыт аралығында бұл аумақтарда құрылыс жүргізуге болмайды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
26.11.2025
-
Абай облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы басталды
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласының іргесінде бой көтеретін қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылыс алаңында болды. Мердігерлер аймақ басшысына маңызды нысанның техникалық параметрлері, жоспарланған қуаттылығы және құрылыс кезеңдері туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
26.11.2025
-
Дәрігерлерді қорғайтын заң не үшін керек? Аймағамбетов түсіндірді
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Аймағамбетов медицина қызметкерлерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды күшейтуге бағытталған заң жобасының маңызын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.11.2025
-
Қазақстан дәрігерлерді қорғауды күшейтпек: Қандай өзгеріс болады?
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Аймағамбетов медицина қызметкерлерін қорғауға бағытталған заң жобасын таныстырды. Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметіне сәйкес, соңғы бес жылда медицина мамандарына жасалған 280 шабуыл тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.11.2025
-
Трамп: Ресей мен Украина арасында келісімге қол жеткізетін күн жақын
АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы дағдарысты реттеу жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.11.2025
-
Қоғамдық жердегі Wi-Fi-ды пайдалану жеке мәліметіңізге жол ашады
Қазір алаяқтар тұрғындарды өз құрығына түсіру үшін түрлі жолды пайдаланып жатады. Олардың схемасы сағат сайын, тіпті секунд сайын алмасып жатады. Өкініштісі сол, қанша ақпараттандыру жұмыстары белсенді жүргізілсе де, қазақстандықтар жиған ақшаларын алдарына салып беріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.11.2025
-
Жасөспірімдерге әлеуметтік желі қолдануды шектеу: қажет пе, жоқ па?
Балаларды интернет пен әлеуметтік желідегі тәуекелдерден қорғау мәселесі қоғамда қызу талқылануда. Психологтар мен мектеп басшылары жасөспірімдерге желіні саналы және қауіпсіз пайдалану қажет екенін атап көрсетсе, ата-аналар кейде толық тыйым салуды қолдайды. Мамандардың пікірінше, тыйым салу ғана емес, онлайн белсенділікті бақылау, ақпараттық сауаттылық пен психологиялық қолдау арқылы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды.
26.11.2025
-
Әуе кеңістігінің күзетшісі: Әуе диспетчерінің бір күні қалай өтеді?
Әуеде бір ұшақты 20 шақты әуе диспетчері қадағалап отырады. Олар үшін секундына дейін есептелген шешім, анық айтылған команда және болжағыштық қасиет - күнделікті жұмыстың бөлінбес бөлігі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.11.2025