Жаңалықтар
-
Қазақстан СІМ-де "Әл-Джазира" телеарнасының өкілімен кездесу өтті
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Айбек Смадияров «Әл-Джазира» халықаралық телекомпаниясының өкілі Хафез Әл-Ауамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
27.11.2025
-
АҚШ 2026 жылғы G20 саммитіне Оңтүстік Африка өкілдерін шақырмайды
Вашингтон әкімшілігі 2026 жылы АҚШ-тың Флорида штатында өтетін G20 саммитіне Оңтүстік Африка Республикасының өкілдерін шақыруға ниетті емес, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN-ге сілтеме жасап.
27.11.2025
-
Перудің экс-президенті сыбайлас жемқорлық үшін 14 жылға сотталды
Перу соты елдің бұрынғы президенті Мартин Вискарраны сыбайлас жемқорлық үшін 14 жылға бас бостандығынан айырды. Сот оның қызметке кіріскенге дейін бірнеше жыл бұрын пара алғанын дәлелдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
27.11.2025
-
Еуропалық ғарыш агенттігі алғаш рет қорғаныс жобаларына қатысады
Еуропалық ғарыш агенттігі (ESA) мүше елдерден алдағы үш жылға 22 миллиард еуро қаржыландыру сұрады. Бұл алдыңғы бюджеттен 36%-ға артық, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
27.11.2025
-
Әлеуметтік желіге салынған тыйым: Аустралияда жасөспірімдер Жоғарғы сотқа шағым түсірді
Аустралиядағы балаларға әлеуметтік желіге тыйым салу заңына екі жасөспірім Жоғарғы сотқа шағым түсіріп, оның конституциялық ережеге сай емес екенін айтты. Олардың пайымынша, заң балалардың ақпарат алу және байланыс құқығын шектейді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
27.11.2025
-
Гонконгта өрттен қаза тапқандар саны 36 адамға жетті
Гонконгтағы тұрғын үй кешенінде шыққан үлкен өрттен қаза тапқандар саны 36 адамға жетті. Бұл туралы BAQ.KZ South China Morning Post-қа сілтеме жасап хабарлайды.
27.11.2025
-
Прокуратура Трамптың 2020 жылғы сайлауға араласуы бойынша істі тоқтатты
Джорджия штатының прокуроры Пит Скандалакис Дональд Трампқа қатысты 2020 жылғы сайлау нәтижелеріне араласу жөніндегі қылмыстық істі тоқтатты. Бұл – сол сайлауға байланысты президентке тағылған соңғы қылмыстық іс еді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
27.11.2025
-
Түркістан облысында полиция мен еріктілер 200-ге жуық граффити жазбаларын жойды
Түркістан облысында полиция қызметкерлері мен еріктілер синтетикалық есірткілерді жарнамалайтын 200-ге жуық граффити жазбасын жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
26.11.2025
-
“Аңдар шаһары 2”: Disney компаниясының кезекті фильмі қазақ тілінде сөйлейді
Disney компаниясы өз қаражатына “Аңдар шаһары 2” фильмін қазақ тілінде дубляждады. Фильм елімізде 27 қарашадан бастап қазақ және орыс тілдерінде үлкен экрандардан көрсетіледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
26.11.2025
-
550-ге жуық шымкенттік АӘК алу үшін табысын жасырған
Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алу мақсатында табысын төмендетіп көрсеткен 550-ге жуық адам анықталды. Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
26.11.2025
-
Тұман, боран және көктайғақ: 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 27 қараша күні Қазақстанның 14 облысында қолайсыз ауа райы күтілуіне байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
26.11.2025
-
Әзербайжанға астық жеткізу 25 есеге артты – ҚТЖ
Бакуге сапар аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің пленарлық отырысына қатысты. Жиында теміржол саласының қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары, жүк тасымалын ұлғайту, инфрақұрылымды жаңғырту және ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26.11.2025
-
Елордада "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды
Бүгін Астанада "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Биыл бұл беделді сыйлық мәдениет, ғылым, медиа және спорт салаларында жоғары нәтижелерге қол жеткізген 20 жас талантқа табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
26.11.2025
-
Ақтау қаласында үшем дүниеге келді
Маңғыстау облысының 26-шағынаудандағы перзентханасында дәрігерлер күрделі шұғыл операция жүргізіп, нәтижесінде үшем дүниеге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
26.11.2025
-
Астанада «Romeo & Juliet» спектаклі жаңаша ұсынылды
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театры әлем классикасының ең танымал шығармаларының бірі – Уильям Шекспирдің «Romeo & Juliet» пьесасын жаңаша сахналады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.11.2025
-
Гонконгтағы тұрғын үйдегі өрттен кем дегенде 13 адам қаза тапты
Гонконгтың Тай По ауданындағы Wang Fuk Court атты 31 қабатты бірнеше тұрғын үй кешенін шарпыған ірі өрттен кем дегенде 13 адам қаза тауып, әлі де бөгеліп қалғандар саны белгісіз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
26.11.2025
-
Көкшетауда 6 күн бойы із-түзсіз кеткен әйел мен сәби табылды
Көкшетауда 20 қарашада үйден шығып, байланыссыз қалған 32 жастағы әйел мен оның кішкентай қызы алты күннен кейін аман-есен табылды. Ақмола облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
26.11.2025
-
Бішкекте ҰҚШҰ елдерінің басшылары бейресми кездесу өткізді
Бішкектегі ҰҚШҰ саммиті қарсаңында мемлекеттер басшылары «Ала-Арча» резиденциясында бейресми кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26.11.2025
-
Жамбылда білім бөлімі бухгалтерлерден 22 млн теңге өндірмек болған
2021 жылдан бастап Жамбыл облысы бойынша аудандық білім бөлімі басшысының бұйрығымен білім беру ұйымдарында 36 бухгалтер, экономист, іс қағаздарын жүргізушілерге қызмет көрсету аумағы кеңейтілген. Осыған байланысты оларға жалақысының 50 пайызы көлемінде үстемақы белгіленген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
26.11.2025
-
Атырау облысында бір отбасының мүшелері газға уланып қалған
24 қарашада кешкі сегіз шамасында Мақат ауданының Доссор кентінде төтенше жағдай орын алды. Екі бала анасымен бірге газ иісіне уланып, ауруханаға жеткізілді. Қазір олар үйіне жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
26.11.2025