Жаңалықтар
-
Тұман, боран, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 3 желтоқсан күні еліміздің 16 облысында ауа райы күрт нашарлайды. «Қазгидромет» дерегінше, бірқатар аймақтарда тұман, көктайғақ, боран және жел күшейеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.12.2025
-
Павлодар облысында ауа райына байланысты жол жабылды
Павлодар облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.12.2025
-
Астана мектептерінде ерекше экологиялық акция өтіп жатыр
Астана қаласында «Таза Қазақстан» жобасы аясында мектеп оқушылары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Қақпақтар жинап, өмірді құтқар» атты әлеуметтік экологиялық акция өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.12.2025
-
Әскерден келген жастарға 3 мыңнан астам грант берілді
Қазақстанда Қарулы күштердің беделін арттыруға және жастарды мерзімді қызмет өткеруге ынталандыруға бағытталған жобаны іске асыру жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.12.2025
-
Шымкентте дәрігерлер 705 грамм болып туған сәбидің өмірін сақтап қалды
Шымкент қалалық перинаталдық орталығының дәрігерлері жүктіліктің 26 аптасында дүниеге келген, небәрі 705 грамм салмақтағы шақалақтың өмірін аман сақтады. Анасы ауыр преэклампсиядан зардап шеккендіктен, жүктілік мерзімінен бұрын аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.12.2025
-
Қонаев және Өскемен гарнизондарында 600 сарбаз әскери ант берді
Қонаев қаласының инженерлік-саперлік бригадасында 200-ге тарта сарбаз, Өскемен қаласының 27943 әскери бөлімінде еліміздің он өңірінен шақырылған 400-ден астам жауынгер ант қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.12.2025
-
Өңірлерде көктемгі су тасқынына дайындық жүріп жатыр
Елімізде алдағы көктемгі су тасқыны кезеңіне белсенді дайындық жалғасуда. Елді мекендерді су басу қаупін азайтуға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған инженерлік және профилактикалық жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.12.2025
-
Астанада "Үздік шиномонтажшы – 2025" байқауы өтті
Астанада Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Астана жастары» орталығы техникалық бағыт бойынша жаңа номинацияларды енгізіп, «Үздік» жобасын кеңейтті. Соның ішінде алғаш рет жол қауіпсіздігімен тығыз байланысты «Үздік шиномонтажшы – 2025» байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.12.2025
-
Өрт кезінде адамдарды құтқарған жастар марапатталды
Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Семей қаласындағы өрт кезінде екі адамды құтқарып қалған батыл азаматтарды құрметтеу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.12.2025
-
Шымкенттік жігіт Меккеге дейін велосипедпен барған
Ролан Анатолы есімді жас жігіт велосипедпен Шымкенттен Меккеге дейін 49 күнде жеткен. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.12.2025
-
Бағаны заңсыз көтерген ірі сауда желілері жазаланды
Алматыдағы «Метро», Small, Toimart және өзге де ірі сауда желілері бағаны негізсіз өсіргені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.12.2025
-
Ерекше балалардың ата-анасын қорлаған блогерге айыппұл салынды
2025 жылғы 2 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты азаматшаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.12.2025
-
Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерін Ұлттық мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.12.2025
-
Қазақстандық бидайдың 390 мың тоннасы Алжирге жөнелтілді
2025 жылғы қаңтар-қараша кезеңінде Қазақстан алғашқы рет Алжирге 390 мың тонна бидайдың үлкен көлемін 100 млн АҚШ долларынан астам сомаға экспорттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.12.2025
-
Қарашадағы Бейжің: күзгі қала өмірі қандай?
Қарашадағы Бейжің көшесі қаланың мінезін бірден ашады. Саябақтағы тыныш көрініс пен Гуанхуа жолының қарқыны мегаполистің күнделікті өмірін көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Бейжіңнен.
02.12.2025
-
Еліміздің қай өңірлері жол шағымдары бойынша көш бастап тұр?
Өткен аптада «ҚазАвтоЖол» байланыс орталығы автомобиль жолдарының жағдайы, ақылы учаскелер үшін төлем, бұзылған көліктерді сүйрету және өзге де мәселелер бойынша жүргізушілерден шамамен 12 мың өтініш өңдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.12.2025
-
Қызметтік ит жоғалып кеткен 4 жасар баланы көрші ауданнан тапты
Қарағандыда жоғалып кеткен 4 жасар бала қызметтік иттің көмегімен көрші ауданнан табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.12.2025
-
Тоқаев: Қазақстан Палестинаның мемлекет құру ұстанымын жақтайды
Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Мемлекетінің Жоғары судьясы, Президенттің дін істері жөніндегі кеңесшісі Махмұд әл-Хаббашты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.12.2025
-
Доллар бағамы күрт төмендеді
Қазақстан қор биржасындағы 2 желтоқсандағы сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы 508,2 теңге болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.12.2025
-
Алматыда 16 мың баланың пайдасына 1 млрд теңгеден астам алимент өндірілді
Алматы прокуратурасы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оның ішінде алименттік төлемдерді өндіріп алу жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.12.2025