Жаңалықтар
-
Тәжікстанда Халықаралық Аралды құтқару қорының отырысы өтті
Отырысқа ХАҚҚ басқарма мүшелері – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр және Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.06.2023
-
Катонқарағай қорығына кіруге уақытша тыйым салынды
Өрт қаупінің артуына байланысты Катонқарағай қорығына кіруге уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.06.2023
-
Елімізде дәрі-дәрмекті қадағалау жүйесі сынақтан өткізіліп жатыр
Таңбаланған дәрілік заттарды тәжірибелік режимде қабылдауды, жөнелтуді және айналымнан алуды Қазақстандағы дәрілік заттардың бірыңғай дистрибьюторы «СК-Фармация» компаниясымен бірлесіп Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор жүзеге асыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.06.2023
-
Астанада екі қиылыстағы учаскелер жөндеу жұмысына байланысты жабылды
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Астана-Қарағанды тас жолы мен Қобда тұйық көшесінің қиылысында, сол сияқты Айтматов көшесі мен Қорғалжын тас жолының қиылысында жөндеу жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
07.06.2023
-
Су саласы мамандарын даярлау үшін білім беру гранттарының саны көбейеді
2029 жылға қарай жоғары білікті мамандарға деген қажеттілік 800 адамға дейін өсуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.06.2023
-
Жамбылда "шетелдік көлікті рәсімдеймін" деп ақша алған алаяқ ұсталды
Таразда Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны осы жылдың сәуір айында белгісіз ер адамның шетелдік нөмірі бар автокөлігін ҚР есебіне қоюға уәде етіп, сенімін теріс пайдалану жолымен оның 137 000 теңге көлеміндегі ақшасын иемденіп кеткені туралы шағыммен жүгінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.06.2023
-
35 жасқа дейінгі алматылықтар «Жасыл ел» қатарына қосыла алады
14 пен 35 жасқа дейінгі алматылық жастарды «JASYL EL» еңбек жасағының қатарына қосылуға шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.06.2023
-
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырыста өзекті мәселелер қаралды
Еуразиялық үкіметаралық кеңес қатысушыларының дәстүрлі бірлескен суретке түсу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.06.2023
-
Көлік қарқыны жоғары республикалық тасжолдарға проекциялық жолақтар орнатылды
Республикалық маңызы бар тасжолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру үшін ҚазАвтоЖол мамандары жаяу жүргіншілерге арналған проекциялық өткелдерді орнатып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.06.2023
-
"Қазақстан халқына" қоры. Еліміздің 18 өңірінде балалар нейрохирургиясы қызметін дамытады
«QH балалар нейрохирургиялық қызметін дамыту» қайырымдылық жобасы бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.06.2023
-
Қатар Әмірі Тоқаевқа құрмет көрсеткені үшін ризашылығын білдірді
Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни құрмет көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.06.2023
-
Мемлекет басшысы Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бастаған делегациямен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге ілтипат білдіре отырып, Астана халықаралық форумына Қатар үкіметі мен бизнес өкілдерін бастап келгені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
07.06.2023
-
Ақтөбелік мұғалім ерекше балаларға өзі ойлап тапқан әдіспен домбыра үйретіп жүр
Ақтөбелік мұғалім ерекше балаларға өзі ойлап тапқан әдіс арқылы домбыра үйретіп жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.06.2023
-
Сақалды құрылысқа қашан «жан» бітеді?
Ақтау қаласында 17 шағын аудандағы «Атамекен» тұрғын үй кешенінің үлескерлері бірнеше жылдан бері баспаналарын ала алмай жүр. 2019 жылы аяқталуы тиіс үйдің әлі күнге дейін құрылысы бітпеген. Осы аралықта құрылыс компаниясының басшылары бірнеше рет ауысқан. Жиған-тергенін пәтер алуға бергендер енді қайдан барарын білмей отыр, деп жазады Маңғыстау облысындағы BAQ.KZ тілшісі
07.06.2023
-
Шомылуға жабдықталмаған жерде батып кеткен бес адамның денесі табылды
Еліміздің су айдындарында бір тәулікте Астана қаласында, Ақтөбе, Қарағанды және Ұлытау облыстарында бес адам суға батып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.06.2023
-
Кинопрокаттағы қазақ тіліндегі фильмдер үлесі 30%-ға дейін жеткізіледі
Елімізде 2023-2029 жылдарға арналған мәдени саясаттың тұжырымдамасы қабылданды. Құжатты Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.06.2023
-
Субұрқақтар қашан іске қосылады?
Ақтау қаласындағы кейбір субұрқақтарының бір тамшы суы жоқ. Кеуіп тұр. Аты барда заты жоқ. Арасында тұрақты жұмыс жасап тұрғаны саусақпен санарлық. Жаз басталысымен салқын лебін саялап отыратын субұрқақтарының екеуі ғана қала әкімдігінің меншігінде. Ал қалғаны жекеменшік кәсіп иелеріне тиесілі, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
07.06.2023
-
ШҚО-да төтенше өрт қаупі сақталып отыр
Шығыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі сақталып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.06.2023
-
Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жаңа жоба іске қосылады
Биыл әлеуметтік кодекс шеңберінде Ақмола облысында пилоттық режимде «сыйымдылығы аз үй» жобасы іске асырылатын болады, деп хабарлайды өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.
07.06.2023
-
Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Қатар Әмірін қарсы алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді Астана әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.06.2023