9 Қаңтар 2024, 10:43
Фото: Үкімет
Коронавирусты әлі бақылауда ұстап отырмыз - министр
Республикада коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Республикада коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Соңғы 6 ай ішінде республикада ай сайын 100-ден 400-ге дейін жағдай тіркелді, бұл коронавирустың жыл бойына таралып отыратынын растайды. Өткен жылы республикада COVID-19-ның 12 121 жағдайы тіркелді, – дейді министр.
Оның сөзінше, 2023 жылды алдыңғы жылмен салыстырғанда сырқаттану 35 есе төмендеді.
Өткен жылы халықтың осал топтарын COVID-19-ға қарсы ревакцинациялау жалғасты, 350 мыңнан астам адам ревакцинацияланды. 2023 жылғы желтоқсанда Қазақстанда тек Омикрон штамының айналымы расталды, оның ішінде Омикрон (Арктур) нұсқасы – 52%, Эрис – 2%, Омикронның басқа нұсқалары – 46% тиесілі. Стационарларда өткен жылы COVID-ы бар 4 мыңға жуық пациент емделді, – дейді Ажар Ғиният.
- Трамп Иран үшін Ормуз бұғазын қоршауға алып, жүк тасымалы үшін алым енгізетінін мәлімдеді 04:25
- Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды 03:35
- Елімізде 18,5 млн адам мобильді интернетті пайдаланады 02:29
- Жер учаскеcінің мемлекеттік актілерін енді тек онлайн алуға болады 00:20
- Қазақстанда сары май мен күнбағыс майы өндірісі артты 13.07.2026
- Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті 13.07.2026
- Қазақстан Медиация жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы конвенцияға қол қойды 13.07.2026