Жаңалықтар
-
Қараша айында қазақстандықтар неше күн демалады?
Қараша айында Қазақстанда ресми мерекелік күндер жоқ. Демалыс тек сенбі мен жексенбіге түседі. Жұмыс кестесінде өзгеріс болмайды, ал бес күндік және алты күндік жұмыс аптасы бар азаматтардың демалыс күндері белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
11.11.2025
-
Қазақстанда алтын қорының көлемі 98 тоннаға артты
Қазақстанда алтын қорының көлемі 98 тоннаға артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
11.11.2025
-
Алматыда оқушы қызға 100 мың теңге ұсынып, азғыруға тырысқан ер адам қамауға алынды
Алматыда оқушы қызға ақша ұсынып, өзімен бірге баруды ұсынған ер адам 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
11.11.2025
-
Санкциялар дәуіріндегі транзит: Қазақстан Мәскеумен тепе-тең қатынасты қалай ұстап тұр
Сарапшының пікірінше, Қазақстанның ұстанымы сыртқы саясаттың жаңа кезеңін көрсетеді, онда прагматизм бірінші орынға шығып отыр.
11.11.2025
-
Тоқаев: Польша – Қазақстанның Еуропа Одағындағы маңызды серіктесі
Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11.11.2025
-
Ауа райы болжамы: Бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК 11 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
11.11.2025
-
"Таза Қазақстан": елордалық студенттермен экокездесу өтті
Елордадағы жоғары оқу орындарында – «Тұран-Астана» университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
11.11.2025
-
Қазақтар жасаған Aleem қосымшасы Duolingo-ны басып озды
Қазақстандық студенттер жасаған бағдарлама әлем назарына ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
11.11.2025
-
ШҚО-да геологиялық барлаумен заңсыз айналысқан 24 компанияға айыппұл салынды
Шығыс Қазақстан облысында геологиялық барлау мен жер қойнауын игеру жұмыстарын заңсыз жүргізген 24 компания анықталды. Олардың кейбірі кенді рұқсатсыз қазып, тіпті лицензиясыз әрекет еткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.
11.11.2025
-
28 мыңнан астам оқушы Mansap Kompasy платформасында кәсіби бағдар тестінен өтті
2025 жылы «Еңбек мамандықтары жылы» аясында іске қосылған Mansap Kompasy платформасында оқушылардың кәсіби бейімділігін анықтауға арналған цифрлық тест енгізілді. Бүгінде бұл тесттен 7–11-сыныптарда оқитын 28 мыңнан астам оқушы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
11.11.2025
-
Ямайкаға гуманитарлық көмек апара жатқан ұшақ жеке үйдің ауласына құлады
Флорида штатындағы Корал-Спрингс қаласында Ямайкаға гуманитарлық көмек жеткізбек болған Beechcraft King Air жеңіл моторлы ұшағы жеке үйдің ауласына құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ The Mirror-ға сілтеме жасап.
11.11.2025
-
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 11 қарашада Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орын алып, ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
11.11.2025
-
Еуропада украин босқындарының саны рекордтық деңгейге жетті
Еуропалық Одақ елдері 2025 жылдың қыркүйегінде Украинадан келген азаматтарға уақытша қорғаныс беру туралы 79 205 жаңа шешім қабылдады. Бұл көрсеткіш алдыңғы аймен салыстырғанда 49%-ға жоғары және 2023 жылдың тамызынан бергі ең жоғары деңгейге жетті. Бұл туралы Eurostat агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
11.11.2025
-
Таиланд Камбоджамен "бейбітшілік келісімін" тоқтатады
Таиланд үкіметі көршілес Камбоджамен арадағы «бейбітшілік келісімін» жүзеге асыруды уақытша тоқтататынын мәлімдеді. Бұл шешім шекара маңында болған жарылыс салдарынан бірнеше сарбаз жараланғаннан кейін қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.
11.11.2025
-
Ербол Мырзабосынов дзюдодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздарын марапаттады
Семей қаласындағы «Абай-Арена» спорт кешенінде дзюдодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының алғашқы жарыс күні өтті. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов финалдық белдесулерді арнайы тамашалап, ел біріншілігінде топ жарған спортшыларды марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11.11.2025
-
Ұлыбританиядағы жалғыз әскери тікұшақ зауыты жабылуы мүмкін
Ұлыбританиядағы жалғыз әскери тікұшақ зауыты жабылуы мүмкін. Бұл туралы Financial Times басылымы зауытқа иелік ететін итальяндық Leonardo әскери-өнеркәсіптік концернінің бас директоры Роберто Чинголаниге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11.11.2025
-
Трамп: АҚШ кейбір елдер үшін импорттық баж мөлшерлемелерін арттырады
АҚШ президенті Дональд Трамп кейбір мемлекеттерге қатысты импорттық баж салығын көтеру жоспары бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Ақ үйде журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
11.11.2025
-
Нью-Делиде автокөлік жарылысынан 8 адам қаза тапты
Үндістан астанасында автокөлік жарылысынан 8 адам қаза тауып, 24 адам жарақат алды. Жарылыс Тарихи Қызыл Форт маңында орын алған, деп хабарлайды BAQ.KZ NDTV-ге сілтеме жасап.
11.11.2025
-
Трамп Ақ үйде Сирия президентімен келіссөз жүргізді
АҚШ президенті Дональд Трамп Сирия президенті Ахмад аш-Шарамен Ақ үйде келіссөз жүргізді. Бұл аш-Шара үшін 1946 жылдан бері алғашқы ресми АҚШ сапары болып отыр. Кездесу Ақ үйде жабық режимде өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
11.11.2025
-
ҚТЖ Сарыағаш өткелінде пойыз қозғалысын тұрақтандыру үшін шектеу енгізді
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы Орталық Азия елдеріне бағытталған қазақстандық экспорттың негізгі бөлігі өтетін Сарыағаш халықаралық өткелінде тасымалдау процесін тұрақтандыру шараларын қолға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11.11.2025