Жаңалықтар
-
Киев Франциямен әуе қорғанысын күшейту туралы келісім дайындап жатыр
Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, Киев Франциямен қосымша әуе қорғанысы жүйелері мен жауынгерлік ұшақтар жеткізу жөніндегі келісімді аяқтап жатыр. Ол бұл құжатты «тарихи келісім» деп атады, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
15.11.2025
-
Иранда "Study in Kazakhstan" көрмесі өтеді
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Иранның Қазақстандағы Елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесті. Министр Иран тарапына жоғары білім мен ғылым саласындағы реформалар туралы айтып, Қазақстанның Орталық Азиядағы өңірлік білім беру орталығы ретіндегі рөлін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.11.2025
-
Трамп бірқатар азық-түлік тауарларына баж салығын жою туралы жарлыққа қол қойды
АҚШ президенті Дональд Трамп 14 қарашада бірқатар азық-түлік өнімдерінің импортына салынатын баж салығын алып тастау жөніндегі жарлыққа қол қойды. Құжат Ақ үй сайтында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.11.2025
-
"Бейбітшілік үшін": Мадуро АҚШ тұрғындарын Венесуэламен бірігуге шақырды
Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ тұрғындарын Венесуэламен бірігіп, Америкадағы бейбітшілікті сақтауға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN арнасына сілтеме жасап.
15.11.2025
-
Трамп Эпштейннің Демократиялық партиямен байланысын тексеруді талап етті
АҚШ президенті Дональд Трамп педофилияға байланысты ұсталып, кейіннен өз-өзін өлтірген американдық қаржыгер Джеффри Эпштейннің демократиялық партиямен байланысын тергеуді сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
15.11.2025
-
Алматы әуежайында қымбат смартфондарды ұрлаған қызметкер ұсталды
Алматы әуежайында көлік полицейлері қымбат смартфондарды ұрлаумен айналысқан 27 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
15.11.2025
-
ЕО Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірлеуде – Каллас
Еуропалық одақ Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге қарсы 20-шы санкциялар пакетін дайындауда. Бұл туралы ЕО сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі Жоғарғы өкілі Кая Каллас Берлинде Германия Қорғаныс министрі Борис Писториуспен кездескеннен кейін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
15.11.2025
-
Қытай билігі Жапонияны "отпен ойнамауға" шақырды
Қытай үкіметі Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаитидің Тайвань мәселесіне қатысты айтқан сөздеріне байланысты Токионың Бейжіңдегі елшісін шақырды. Бұл екі ел арасындағы бірнеше күн бойы жалғасқан ауызша қақтығыстың жаңа кезеңіне айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
15.11.2025
-
Тұрар Дүйсехан Ислам ойындарындағы жеңісіне қатысты пікір білдірді
Қазақстанның муай-тай құрамасының спортшысы Тұрар Дүйсехан Эр-Риядтағы Ислам Ынтымақтастығы ойындарындағы өнер көрсету нәтижесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.11.2025
-
Тұман және боран: 13 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 15 қарашада Қазақстанның 13 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
14.11.2025
-
Ислам ынтымақтастық ойындары: Тұрар Дүйсехан алтын медаль жеңіп алды
Қазақстанның муай-тай құрамасының спортшысы Тұрар Дүйсехан Эр-Риядтағы Ислам Ынтымақтастығы ойындарында алтын медальға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.11.2025
-
Ташкентте "Хан Сұлтан. Алтын Орда" операсының премьерасы өтті
Ташкентте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ұсынған "Хан Сұлтан. Алтын Орда" операсының тұсаукесері өтті. Бұл қойылым Орталық Азияның мәдени кеңістігіндегі айтулы оқиғалардың біріне айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
14.11.2025
-
Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.11.2025
-
Белгілі ақын Күләш Ахметова өмірден өтті
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Күләш Ахметова дүниеден өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.11.2025
-
Әскери ант қарсаңында 600 жас сарбаз ең ауыр сынақтардан өтті
Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы теңіз жаяу әскерлері бригадасының 600-ден астам жас сарбазы алғаш рет жауынгерлік дайындық бойынша тәжірибелік сабақтарға қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.11.2025
-
Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу жоспарына қол қойылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аясында Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу және бейімдеу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды. Құжат аймақта баламасы жоқ - Орталық Азияда жолбарысты қайта қалпына келтіру жобасы бойынша уағдаластықтарды бекітеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.11.2025
-
Алматы мен Шымкент арасындағы жол төрт жолақты болды
Алматы облысында 42 шақырымдық «Ұзынағаш – Отар» жолының ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.11.2025
-
Астана қоқысқа батып жатыр: Тағы бір депутат дабыл қақты
Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау Астанадағы тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау жүйесінің формалды түрде ғана жұмыс істеп тұрғанын айтып, жағдайды шұғыл реттеуге шақырды. Бұл туралы ол Мәжілісте өткен жиында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
14.11.2025
-
ChatGPT лотерея ұтуға көмектесті
АҚШ-тың Вирджиния штатында тұратын зейнеткер Кэрри Эдвардс Powerball лотереясында ChatGPT ұсынған нөмірлерді қолданып, 150 мың доллар ұтып алды. Алайда ол күтпеген олжасын түгелдей үш қайырымдылық ұйымына аударуды шешкен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
14.11.2025
-
Қыздардың шотын төлеп, "жомарттық" жасаған жігіт жауапқа тартылды
Астанада түнгі клубта қыздардың ақшасын ұрлап, сонымен олардың шотын төлеген жігіт жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
14.11.2025