Жаңалықтар
-
Ер адам полицияға хабарласқаны үшін сотталды
Шығыс Қазақстан облысында ер адам «102» жедел байланыс желісіне бірнеше рет қоңырау шалып, полиция қызметкерін балағаттағаны үшін сотталды. Сот оны 80 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасына кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.01.2026
-
Қызылордадағы жантүршігерлік оқиға: Көрші баланың көз алдында әжесі мен анасын өлтірді
Қызылордада көршісінің қолынан қала тұрғыны мен оның 34 жастағы қызы қаза тапты. Қанды оқиға кезінде жасөспірім бала аман қалып, WhatsApp арқылы көмек сұраған. Күдікті қылмыс орнында ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.01.2026
-
Демалыс күндері ауа райы қандай болады? – Синоптиктер болжамы
10-12 қаңтар аралығында Қазақстан аумағында ауа райы айтарлықтай нашарлайды. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
09.01.2026
-
Оқу-ағарту министрі мұғалімдердің авторлық бағдарламасына қатысты пікір білдірді
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова оқу процесінде қолданылып жүрген авторлық бағдарламалардың тиімділігіне қатысты өз пікірін айтты. Министрдің сөзінше, қазіргі жағдайда мұндай бағдарламалар оқу сапасын арттырудың ең дұрыс құралы болып отырған жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.01.2026
-
Таразда гамбургерден уланған 12 оқушыға қатысты кәсіпкер сотталды
Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты Байзақ ауданында 12 оқушының тамақтан улануына қатысты істі қарады. Іс санитариялық-эпидемиологиялық заңнама талаптарын бұзу дерегі бойынша қозғалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.01.2026
-
"Ажырасып кеткен": Атыраудағы қанды қылмысқа қатысты тың дерек шықты
Атырау облысындағы елді дүр сілкіндірген қанды оқиғаға байланысты көпшілікке беймәлім болған жайттар анықталып жатыр. Іздеуде жүрген күдіктіге қатысты бұған дейін айтылмаған жаңа мәліметтер жария етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.01.2026
-
Тоқаев Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.01.2026
-
Түркістан облысында әкесін өлімші етіп ұрған ер адамға қатысты сот басталды
Түркістан облысында әкесін өлімші етіп аясыз соққыға жыққан ер адамға қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.01.2026
-
Қазақстанда Цифрлық кодекс қабылданды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.01.2026
-
Астана LRT қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды
Астана қаласындағы Жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасы кадр құрамын күшейту мақсатында 30-дан астам лауазым бойынша қызметкерлерді оқыту және жұмысқа қабылдауды бастады. Жоба аясында инженерлік, техникалық және басқарушылық бағыттағы мамандарға сұраныс жоғары.
09.01.2026
-
АҚШ елшісі: Қазақстанмен серіктестік бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті
Қазақстандағы АҚШ елшісі Джули Стаффт Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі деңгейіне баға берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.01.2026
-
Талдықорғанда 3,5 миллион теңге айыппұлы бар жүргізуші ұсталды
«Жалған нөмір» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Талдықорған қаласында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзған жүргізушіні анықтады. Оның айыппұлдарының жалпы сомасы 3 578 120 теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.01.2026
-
Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды
Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов "Самұрық-Қазына" компаниясында қызметке тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.01.2026
-
Тоқаев Құрылыс кодексіне қол қойды
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.01.2026
-
Айыппұлмен шешілмейді: Көлік министрлігі жол қауіпсіздігін қалай өзгертпек?
Қазақстанда соңғы бес жылда автокөлік саны 1,7 миллионға артты. Бұл өсім жол инфрақұрылымына қаншалықты салмақ салып отыр? Жол апаттарының азаюына не әсер етті және қауіпсіздікті күшейту үшін қандай жүйелі шаралар қабылданып жатыр? Осы және өзге де сұрақтарға Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Баяхмет жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.01.2026
-
Трамп Мексика мен Иранға "соққы жасаймын" деп мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Мексикадағы есірткі картельдеріне қарсы соққы жасауға дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.01.2026
-
Солтүстікке көшуге 7 млн теңге: Қоныс аударушыларға жаңа мүмкіндік пайда болды
Қазақстанда көші-қон саясаты жаңа кезеңге қадам басқалы отыр. 2025 жылдың желтоқсанында Үкімет 2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының тұжырымдамасын бекітіп, 2026 жылдың қаңтарынан бастап бұл бағытта жаңартылған тәртіп енгізілетінін мәлімдеген болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.01.2026
-
Екі өңірде қар көшкіндерінің алдын алу шаралары жүргізілді
Халықтың, туристердің, қонақтар мен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласындағы, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы тауларда қар көшкіндерін мәжбүрлеп түсіру бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде 3516 м³ қар массасы түсірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.01.2026
-
Заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырған 121 адам жауапкершілікке тартылды
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларда заңсыз лотерея қызметін анықтау мақсатында тұрақты мониторинг жүргізіп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.01.2026
-
Бір палаталы Парламенттің атауы мен өкілеттіктері талқыланады
Бүгін Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа мәселелері жөніндегі Жұмыс тобының кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.01.2026