Жылыту маусымына дайындық. Кәсіпорын иелерінің тікелей құқықтық жауапкершілігін қарастыру керек – депутат
Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров жылыту маусымына дайындығы үшін кәсіпорын иелерінің тікелей құқықтық жауапкершілігін қарастыру керек деп есептейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров жылыту маусымына дайындығы үшін кәсіпорын иелерінің тікелей құқықтық жауапкершілігін қарастыру керек деп есептейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Табиғи монополиялар» санатындағы ЖЭС-тер мен магистраль желілерінің техникалық жағдайы, жылыту маусымына дайындығы үшін кәсіпорын иелерінің тікелей құқықтық жауапкершілігін қарастыру керек, - деп жазды депутат.
Ерлан Сайыров бұл мәселені депутаттар пысықтайтынын айтты.
ЖЭС-терді аудит жүргізу барысында мемлекет бөлген 184 млрд теңге қаражат қайда кеткені, тарифтердің инвестициялық бөлігі қалай жұмсалғаны мәселелері жіті тексерілуі тиіс, - деп айтты Ерлан Сайыров.
Оның сөзінше, тозығы жеткен желілерді жөндеу кәсіпорын акционерлерінің мойнында болуға тиіс. Сонымен қатар барлық ЖЭС-тің мердігерлерін жан-жақты тексеру қажет.
ЖЭС «убытоктары» қолдан жасалып, қаржы бір адамның бір қалтасынан екінші қалтасына төгілуі ықтимал. Тарифтен түскен қаржыны шетке шығару белгілерін де терең тексеру маңызды, - деп есептейді Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров.
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста Мемлекет басшысы Екібастұз қаласының жылусыз қалуына не себеп болғаны тергеу арқылы анықталып, тиісті шаралар қабылданатынын атап өткен болатын.