Жылдар жылнамасы: Абай мен Жамбыл жылы қалай тойланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 1995 жыл – Абай жылы болып жарияланды. Егемен ел өзінің ірі тұлғасын әлемге танытатын, Абаймен мақтанатын жағдайға жетті. Абай ілімімен әлі де мәңгі сусындап өтуді мұрат етіп бекітті. Ақынның 150 жылдығын тұңғыш рет кең көлемде атап өту де соның айғағы еді.


«Жылдар жылнамасы» – халқымыздың өткені мен бүгінінің негізі болған оқиғалардың тізбегі, тарихи сәттердің куәсі.

Тәуелсіздік алғаннан бері әр жыл белгілі бір тақырыпқа арналып келеді. Мысалы, 1995 жыл – Абай жылы, 1996 жыл – Жамбыл Жабаев жылы, 1997 жыл – Саяси репрессия құрбандарын еске алу жылы және тағы басқа тарихи оқиғаларға ұласты. Аталған жоба аясында 30 жылдық тарихы бар еліміздегі тарихи жылдарға шолу жасап, атқарылған істер туралы баяндалады.

Жобамыздың кезекті бағдарламасында 1995 жылдардағы Ата Заңымыздың жаңаруы мен 1996 жылдар аралығындағы тарихи оқиғалар қамтылды.

Айта кетейік, Жылдар жылнамасының тұсаукесерінде 1991 және 1992 жылғы оқиғалар, сонымен қатар 1993 және 1994 жылдардағы саяси үдерістерге тоқталған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Видео: Ерболат ЛАҚАЙ
Өзгелердің жаңалығы