Жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық салада 668 қылмыс жасалған

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтінішсіз полицейлер «үй тирандарын» жауапқа тарта алмайды.

Нәтижесінде, жазасыздық – өз бетімен кетуге, яғни жүгенсіздікке, бассыздыққа жол береді. Қол жұмсау – әдетке айналады. Түбінде, ауыр зардаптарға апарады. Осы жылдың өзінде отбасылық-тұрмыстық салада 668 қылмыс жасалған, - деп атап өтті министр. 

Сонымен қатар ол өз кезегінде министрлік тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы сигналдарға тиісті шаралар қабылдап жатқанын алға тартты. 

Жыл басынан бері «дебоширлерге» қатысты 35 мың әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде сот шешімі бойынша 10 мыңнан астам адам қамауға алынды. 8,5 мың адамға ескерту берілді. 675 адамға айыппұл салынды. Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 67 мың қорғау нұсқамасы шығарылды, - деді ведомство басшысы. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Марат Ахметжанов биыл 100 мыңнан астам тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы дерек келіп түскені туралы айтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы