Түрмеден басқарып отырған: Шымкентте бопсалаумен айналысқан топ ұсталды
Шымкентте қылмыстық топтың заңсыз әрекеті әшкереленді.
Шымкентте қала тұрғынынан күш қолдану қаупін төндіру арқылы ақша бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілердің бірі жазасын түзеу мекемесінде өтеп жүріп, бостандықтағы сыбайласы арқылы жәбірленушіден 1 миллион теңгеге жуық ақша талап еткен.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен Тараз қаласындағы түзеу мекемесінде тінту жүргізді. Нәтижесінде күдіктіден айғақты заттар тәркіленді. Ал оның сыбайласы Шымкент қаласында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар тергеу барысында күдіктінің банк шотына 200 мың теңгеге жуық қаражат аударылғаны анықталды, - деп хабарлады Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте «10 млн теңге бермесең, көлігіңмен бірге өртейміз» деп кәсіпкерді бопсалаған екі ер адам ұсталды.
Тағы оқи отырыңыз:
Ақтөбеде ер адам «көлікпен қағып кеттің» деп жүргізушілерден ақша бопсалаған
Кездесуге шақырып, ұрлап әкеткен: Астанада жәбірленушілерді кредит алуға мәжбүрлегендер ұсталды
Оқушыларды шошытқан: Алматы облысында мектепке терезе арқылы кірген жалаңаш ер адам ұсталды