Жұмыс көп, бірақ мамандық тапшы – Назарбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр әлем» көрме кешенінде өткен Жастар жылының ашылу рәсімінде мамандығы жоқ жастар мәселесін көтерді.

 
«Жастарға алғашқы мамандық беру өте маңызды. Бүгінде 145 мың (мектеп бітіретін – авт.)  оқушы бар. Оның бір бөлігі колледжге түседі, әскерге кетеді, бірақ ешқайда түспеген жастар бар. Үйінде қалады. Олар не істейді? Жұмыс істейді. Қазақстанда жұмыс көп, бірақ мамандықтар тапшы. Ешқандай мамандығың болмаса да, жұмысқа тұруға келесің. Мысалы, құрылыс жүріп жатыр делік. Ол жерде саған қандай жұмыс береді? Қолыңа сыпырғы ұстатады. «Сыпыр, кірпішті әкел, апар» дейді де, болмашы айлық береді. Сол себепті алғашқы кәсіпті берудің маңызды мәселе екенін айттым. Жас адамды тегін оқытып, мамандық береміз дейміз. Сосын ол әрі қарай жұмысқа барады, не университетке түсе алады», - деді Мемлекет басшысы.

Назарбаев жастарға жастық шағын еске алып, өзін үлгі етті. 

«Мен өзім де техникалық училищені бітіріп, металлург болдым. Менің ата-анам кедей болды. 6 адам кішкентай үйде өмір сүрдік. Бала кезден оларға көмектескім келді. Медаль мен аттестат алсам да әрі ақша тауып, көмектесу үшін жұмыс істеуге кеттім», - деді ҚР Президенті жастармен кездесуде.

Бүгін «Нұр әлем» көрме кешенінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылы салтанатты түрде ашылды.

 Жас кәсіпкер Расул Абдуллаев елімізді ребрендинг жасайтын ұйым құруды ұсынды.

«Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атаумен өтіп жатқан салтанатты шараға бас қосқан белсенді жастардың бірі Тамила Розметова Астанада алма бағын отырғызатынын айтты.

Атап өтсек, моңғолиялық қандасымыз қазір елордалық мектепте білім алып жатыр. Бұған дейін құсбегілік өнерін әлемге танытқан бүркітші қызбен сұхбаттасып, Елбасымен кездесу алдындағы көңіл-күйін сұрастырған едік.

Қазақты әлемге танытқан бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Моңғолияға шақырды.

Wikibilim қоғамдық қорының жетекшісі, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Жастар жылының ашылу салтанатында Астана ашық университет жобасын таныстырды.

Жиында жастарды тыңдаған Мемлекет басшысы «сөзді тоқтатпай, айта берсін деген ой келді» деді. Елбасы Жастар жылының маңыздылығын атап өтті.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарабев бүгінгі жастармен кездесуінде жеңіл өнеркәсіп саласына назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев Астана, Алматы және Шымкентте жұмыс істейтін жастар үшін жылына бір мыңнан кем емес пәтер салуды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев жастармен кездесуде «Бизнестің жол картасы-2020» аясында жас кәсіпкерлер үшін гарант бойынша бөлінетін қаржы көлемін екі есеге арттыруды тапсырды.

Сондай-ақ, Елбасы волонтер студенттердің шәкіртақысын көтеруді тапсырды.

Назерке Абибулла

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы