Жүк көлігінде жасырынған «тірі тауар»: Заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді
Көліктен адамдарды жасырын тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған "тайник" анықталды.
Павлодар облысында заңсыз көші-қонның жасырын арнасы жойылды. Криминалдық полицияның жедел уәкілдері арнайы операция нәтижесінде мемлекеттік шекара арқылы заңсыз транзитті ұйымдастырудың батыл әрекетіне тосқауыл қойды.
Жедел іс-шаралар барысында Ресей Федерациясы арқылы Қазақстанға өз отандастарын тасымалдау схемасын құрған Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды. Ер адам қылмыстық ойын жүзеге асыру үшін MAN маркалы автокөлігін пайдаланған.
Көлікті тексеру кезінде жедел уәкілдер адамдарды жасырын тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған жасырын орынды (тайникті) анықтады.
Автокөлік тәркіленіп, мамандандырылған тұраққа қойылды. Ұйымдастырушыға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Көлік құралын ұсыну және ілеспе қызметтер көрсету арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да фактілерге қатыстылығын тексеруге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деп хабарлады Павлодар облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов.
Еске салайық, бұған дейін Жамбылда шетелдіктерді шекарадан заңсыз өткізген топ ұсталды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Қазақстанда шекараны жасанды интеллект бақылайды
Шекарадағы кептеліс пен кешігу: Бектенов көлік саласының даму қарқынын сынға алды
Көші-қон ережелері қатаңдайды: Жаңа талаптар жарияланды
- Тайваньда тайфуннан кейін 5 мыңнан астам турист аралдарда қалып қойды 19:52
- Қарағанды облысында бұлақтар абаттандырылды 19:11
- Қазақстандағы ең ірі қымыз фестивалі несімен ерекшеленеді 18:48
- Нью-Йорк полициясында қызмет ететін қазақтар: Сәденов отандастарымен кездесті 18:07
- Берлинде 11 сағаттан астам кепілде болған кассир құтқарылды 17:49
- Өскеменде тұрғын үй өртенді 17:17
- Вьетнамда туристер мінген катер аударылып, 15 адам қаза тапты 16:47