Жүк көлігі мен пойыз соқтығысты. ҚТЖ түсініктеме берді

Алакөл ауданы Жалаңашкөл стансасында ауыр жүк көлігі пойызбен соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметі апатқа ауыр жүк көлігінің жүргізушісі кінәлі деп отыр.

2023 жылғы 24 шілде күні сағат 10.50-де Бескөл-Достық учаскесіндегі теміржол өткелінде «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісі қаламаңы пойызымен соқтығысуға жол берді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға тексеріліп жатыр. ҚТЖ көлік жүргізушілерін сақтыққа шақырады, - деп түсініктеме берді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жеңіл көлікті тиеген эвакуатор автобус пен жедел жәрдем көлігіне соғылып, кейін өзенге қарай аударылып қалған. Оқиға сенбіде, 22 шілде күні түсте Алматы маңындағы Бесағаш ауылында болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы