Жолы болған ер адам сатушының арқасында 539 000 000 теңге ұтып алды

АҚШ-та Мэриленд тұрғыны жанармай құю бекетінде сатушы таңдаған лотерея билетімен 1 миллион доллар (539 млн теңге) ұтып алды. Жеңімпаз ақшасын зейнетақы қорына салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

UPI басылымының мәліметіне сәйкес, Балтимор округінің тұрғыны қалтасынан артық 20 доллар тауып алып, оны лотерея билетін сатып алуға жұмсауды шешкен. Ол Hob’s Carroll Motor Fuels жанармай бекетіне кіріп, сатушыға әзіл ретінде "маған кез келген билетті таңдап беріңіз" деп өтінген.

Сатушы оған All About Cash атты лотерея билетін ұсыныпты. Жеңімпаз билеттегі қорғаныш жабынын тазалай бастаған сәтін былай деп еске алады:

Алдымен 100 доллар ұттым деп ойладым, кейін 1000 шығар дедім. Бұл ойым ұзаққа созылды. Ақыры әйеліме қоңырау шалып: "Мен дәл қазір миллион доллар ұттым!" – дедім, - дейді ол.

Фото: the Maryland Lottery

Ер адам күтпеген жерден түскен бұл ақшаны зейнетақы қорындағы шотына аударуды жоспарлап отыр.

Бұған дейін ер адам ерекше тәсілмен лотереядан 435 миллион теңге ұтып алғанын жаздық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы