Жолдаудың жүзеге асуына бірінші басшылар жеке жауап береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арналған Жолдауын жүзеге асырудың жалпыұлттық жоспары бекітілді.

«Президент өз жолдауында негізгі бес бағыт бойынша басты міндеттерді белгілеп берді. Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралардың ұсынылып отырған жоспары берілген тапсырмалар негізінде дайындалды. Президент құжатты бекіткеннен кейін мемлекеттік органдар мен әкімдіктер алға қойылған міндеттерді шешуге дереу кірісу керек», - деді ҚР премьер-министрі Асқар Мамин.

Оның айтуынша, жалпыұлттық жоспардағы іс-шаралардың орындалуы бойынша бірінші басшылар жеке жауап береді. 

«Бізден нақты нәтиже күтілуде. Ұлттық экономика министрлігіне премьер-министрдің кеңсесімен бірлесіп, мақұлданған құжаттарды мемлекет басшысының бекітуі үшін Президент әкімшілігіне шұғыл енгізуді тапсырамын», - деді премьер-министр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Үкімет отырысында ҚР премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов Жолдауды жүзеге асыру бойынша жоба 5 бағыт және 81 іс-шарадан тұратынын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы