Жол-көлік оқиғасы жиі тіркелетін қалалар аталды

Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік апаттары ең көп тіркелген жер - Ақтөбе және Алматы облыстары. Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова осылай деп мәлімдеді, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Әкімшілік жауапкершілікке 74 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзғандар тартылды, оның ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері жол берген 1,2 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды, - деді спикер орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Боранованың мәлімдеуінше, автожолдардың 4 мың шақырымға жуық авариялық-қауіпті учаскелері зерттелді, нәтижелері бойынша қосымша 644 жол белгісі орнатылды. Сонымен қатар  ол жол апатының басым бөлігі Алматы және Астана қалаларында болатынын айтты.

Адам өліміне әкеп соқтырған ЖКО ең көп Ақтөбе және Алматы облыстарында болады. ЖААІШ кезінде 2000-нан астам көлік қамаудағы тұрақтарға орналастырылды. Әлеуметтік жарнамаға үлкен мән беріледі. Биыл жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша ЖКО алдын алуға бағытталған 60 бейне және 90-нан астам аудиоролик шығарылды, - деді аға инспектор. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде жыл сайын 13 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы