Жогорку Кенеш депутаттары шекарадағы шиеленіс бойынша кезектен тыс отырыс өткізеді
Бүгін сағат 13:00-де Жогорку Кенештің кезектен тыс отырысы өтеді. Бұл туралы «Бүтүн Қырғызстан» парламенттік фракциясының отырысында депутат Адахан Мадумаров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Депутаттар қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайды талқылайды. Бұл туралы kg.akipress.org сайты жазды.
14 қыркүйекте қырғыз-тәжік шекарасында қару қолданған қақтығыс болған еді. Атыс Бұлақ-Башы, Қақ-Сай, Пасқы-Арық деген жерлерде болды.
16 қыркүйек күні таңертең МҰҚК-ның Шекара қызметі бұған дейін қол жеткізілген барлық уағдаластықтарды бұза отырып, тәжік тарапы Баткен ауданындағы қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының бүкіл периметрі бойынша шекара және азаматтық объектілерге шабуыл жасағанын хабарлады.
Армения мен Әзербайжан шекарасында да жағдай шиеленіскені туралы осыған дейін хабарлағанбыз.
Картада атыс болған жерлер көрсетілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы