ЖИ, цифрлық сауаттылық: Жаңа оқу жылында жаңа бағдарлама енгізіледі
2025-2026 оқу жылында қазақстандық оқушыларды бірқатар маңызды жаңалықтар күтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.
Биылдан бастап оқу үдерісіне жасанды интеллект (ЖИ) элементтері енгізіледі. Ол үшін «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндеріне жасанды интеллект интеграцияланды. Бұл бағытта ЖИ-ды қолданудың этикалық стандарттары бекітілді. Оқушылар үшін «Day of AI» атты онлайн-курстар, педагогтерге арналған үш деңгейлі біліктілікті арттыру курстары әзірленді, - делінген министрлік таратқан хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы барлық мектепте кәсіби бағдар беру педагогтары жұмыс істейтіні туралы жаздық.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Трамп АҚШ-тағы дауыс беру тәртібін өзгертеді
Өзгелердің жаңалығы