Бүгiн 2026, 12:36

ЖИ дәрігерге кезекті қысқартады

ЖИ құжат толтыру уақытын 50%-ға қысқартып, дәрігердің науқасқа уақытын арттырады.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектеновке «Ascle» стартап жобасы таныстырылды. Оның мақсаты – медициналық құжаттарды толтыру үдерісін автоматтандыру, бұл қабылдауға кезектердің азаюына ықпал етуге тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз дәрігерлерге арналған жасанды интеллект жүйесін әзірлеп жатырмыз. Ол дәрігер мен науқас арасындағы диалогты тіркейді, сөйлеуді танып, оны құрылымдалған медициналық деректерге айналдырады. Алынған мәліметтер автоматты түрде алғашқы қабылдау картасына және медициналық картаның негізгі бөлімдеріне енгізіледі. Одан кейін осы ақпараттың негізінде алдын ала диагноз қойылып, емдеу мен тағайындаулардың оңтайлы нұсқасы ұсынылады, – деді стартап жетекшісі Сұлтан Жұмабаев.

Оның айтуынша, бұл жүйе медициналық құжат жүргізуге кететін уақытты 50%-ға дейін қысқартады. Соның арқасында дәрігер науқаспен тікелей жұмысқа көбірек уақыт бөле алады, ал клиникалар қызмет көрсету ауқымын кеңейтеді.

Цифрлық шешім қазірдің өзінде еліміздегі 38 медициналық мекемеде пилоттық режимде сынақтан өткен.

Еске салайық, бұған дейін ЖИ өлім-жітімді 40%-ға азайтуға көмектескені айтылды.