Жезқазған тұрғыны дүкенге барам деп 250 мың теңгесінен айырылды
Жезқазғанда бейнекамераның көмегімен көліктен ұрлық жасаған күдікті анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
23 жастағы қала тұрғыны ұрлық қылмысы туралы полицияға хабарлаған. Ол көлігін ашық қалдырып, дүкенге кіріп кеткен. Осы сәтті пайдаланған күдікті 250 мың теңге мен банк карталарын жымқырғаны белгілі болды.
Дүкенге орнатылған бейнекамераға ұрлық сәті түсіп қалған.
Осылайша, полицейлер күдіктіні анықтады. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 55 жастағы ер адам ұсталды. Ол өз ісін мойындады. Айғақты заттар алынды.
Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы