Жетісулық жүргізушілер 1 млрд теңге айыппұл арқалаған

Бұл былтырғы жағдай. Қазір өңірде «ZEREK-2», «Vidar SPEED-R» және «СЕРГЕК» атты камералар сертификаттау рәсімінен өтуде. Дегенмен облыста жол ережесін бұзушылар саны азаяр емес, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Бейнебақылау жүйелері ешкімді аямайды

Жетісу облысының аумағында орын алған былтырғы көлік апаты мен биылғы көлік апатының арасы жер мен көктей. Өткен жылдың осы кезеңінмен салыстырғанда 30 пайызға төмендеген. Мұны құзырлы органдар жақсылыққа жорып отыр. Зардап шеккендердің саны да әжептәуір азайған. Күннің күнге сан алуан көліктің өңірге ағылып келіп жатқанына қарамастан, полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін барынша бақылауда ұстап отыр.

Облысымызда автожолдарда патруль жасақтары артып келеді. Ең маңыздысы олар патрульдікпен қатар қауіпті жол учаскелерін айрықша бақылауға алады. Бүгінде «ZEREK-2», «Vidar SPEED-R» және «СЕРГЕК» деген бұзушылықтарды автоматты түрде бейнетіркеудің 33 камерасы орнатылып, тек былтырғы жылы тіркелген бұзушылықтар бойынша жол жүру ережелерін сақтамаған жүргізушілерге жалпы сомасы 1 млрд астам теңгеге әкімшілік айыппұл салынды. Жыл басынан бері келісімшарттың аяқталуына байланысты аталған бейнекамералардың жұмысы тоқтатылған. Дегенмен, қазіргі уақытта бұл жүйелер сертификаттау рәсімінен өтуде, содан кейін олардың жұмысы қайта жандандырылады, - дейді облыстық полиция депатраментінің бастығы Сарқытбай Құсаинов.

Бір әттеген-айы қала ішінде жол тәртібін бұзушылар көп. Ауыл не аудан орталқтарына қарағанда қалалық жерде жол ережесін сақтамай, қиыс кететін жүргізушілержиі кездеседі. Сондықтан облыс орталығына заманауи бейнебақылау камералар көптен орналтыуда. Соның нәтижесінде биыл 67 қылмыс анықталған, өткен жылы 56 қылмыс әшкере болған еді. Соған сай 4 901 әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолы кесілді. Бұл былтырдан көбірек көрсеткіш. Жыл басынан 53 362 әкімшілік құқықбұзушылық анықталпып, оның 28 609-іне айыппұл салынған. Жалпы көлемі 406 514 195 теңге десек, соның бүгінде 283 273 745 теңгесі өндірілген. Осы ретте заңгер Арман Алдасбаев қала ішіндегі ережені көбіне сырттан келген өңір тұрғындары бұзатынын айтады.

Жетісу аграрлы өңір болғандықтан, ауылдық жерлерден халық көп қатынайды. Мәселен, Көксу, Қаратал, Ескелді, Кербұлақ аудандарынан, тіпті Текелі қаласынан қатынап жұмыс істейтіндер бар. Олардың көбі жүргізушілікпен айналысады. Яки «таксавать» етеді. Кейбірі «Яндекс» платформасы жүктеген міндетті орындау үшін, қала ішінде қатты жүреді. 30 адамды бір күн ішінде қалаған жеріне жеткізіп тастаса бағдарлама бонус береді. Соны алу үшін көлік иесі жанталасады. Ол айдан анық дүние. Сондықтан қала ішінде, кейде сыртына шағын жол апаттары орын алады. Оның соңынан қашанғы полиция қызметкері жүгіріп жүреді дейсіз. Мен өз тәжірбиемде облыс шеңберінде осындай оқиғаларды жиі кездестіремін, - дейді Арман Алдасбаев.

Осы мәселенің алдын алу үшін, полицияның қажеттілігіне орай облыс бюджетінен автокөлікке, бейнебақылау жүйелеріне, оргтехника қаржы бөлген. Оның жалпы сомасы 13 миллардтан астам. Соның 3 миллиард 800 миллион теңгесі қажетті техника алынбақ.

67 лауазымды тұлға 2 млн 400 мың теңге өтем өтеді

Шыны керек, заманауи технологияның патрульдік қызметте маңызы орасан. Бір ғана «Ekin Patrol» жүйесін алып қарайықшы. Былтыр үш арнайы автокөлікке осы қондырғы орнатылған. Мұның өткірліг сол, белгіленген жол учаскелеріндегі бекітілген қозғалыс жылдамдығын асыру бойынша құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейді. Жол үстінде келе жатыпта жүргізушіні бақылап отырады. Мәселен, өңірге келген беттен бері, қондырғы.

2157 бұзушылықты анықтаған. Сөйтіп, көлік иесіне миллионнан астам теңге мөлшерінде айыппұл салған. Автопатрульдер жыл аяғына дейін дәл осында тағы 5 автокөлікті тізгіндемек.

Қазір салада түрлі техниканың көмегімен адам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады. Мәселен бұл ретте дрон аппараттарын пайдаланудағы тиімділігін де атап өту қажет. Осы орайда әріптестер апаттылық-қауіптілігі жоғары автожол учаскелерін патрульдеу үшін үш дронды пайдалануда. Олар осы күнге дейін облыс шеңберінде, одан қала «Алматы-Өскемен» республикалықтас жолында оннан астап құқық бұзушылықтарды тіркеді. Қазір әріптестеріміз жолдардың жағдайын мұқият тексеріп жатыр. Осы ретте жол ұйымдарына 365 ұйғарым жолданды. Автомобиль жолын күтіп ұстауда немқұрайлылық танытқан 67 лауазымды тұлға жалпы сомасы 2 млн 400 мың теңге көлемінде санкция салынды, - дейді Жетісу облысы ПД Имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы, полиция капитаны Қасқар Темірханов.

Оның айтуынша, лауазымды тұлғалар заңнан жалтарып кете алмайды. Одан бөлек, көше-жол желісіндегі кемшіліктер үшін бірқатар аудандардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басшылары жазаланған. Былтыр облыста 2081 жол белгісі, 24 бағдаршам нысаны, 24 билборд, 98 өнеркәсіптік өндірістегі жасанды тегіс еместіктер орнатылыпты. Сонымен қатар, 7 км көше жарығы және 46 км тротуар жолы жабдықталған.

Қалада бір тәртіп бұзылса елдің құлағы елең ете қалады. Қазір әлеуметтік желінің қолданбайтын адам жоқ. Бәрі ұялы телефоннан біліп алады. Ең өкінішті жастар арасына буллинг пен көлік апатының азаймай тұрғаны. Жыл сайын жүздеген адам қайтыс болады. Сол тізгінге ие бола алмай опат болады. Тәртіп сақшылары не істей алады, олардың жұмысы бақылау, мәселенің мәнін анықтау. Кейде ойлаймын осы тақтайтай жол саламыз деп жүргізушілерді есіртіп алдық па деп. Көбі түзу жолда жәй жүрмейді. Айналайын-ау қалаған жеріне бір 20 минут ерте барарсың, одан не өзгереді. Меніңше, жол камераларын көбейту қажет. Сонда көлік иесі артық қимыл жасай алмайды, - дейді қала тұрғыны, жүргізуші Есет Ақмолда.

Аталған департамент қызметкерлінің мәліметінше, жергілікті полициясы қолданыстағы барлық ресурсты пайдаланып, қажетті шараларды қолдануда. Жетісулық жұртпен ашық диологқа келіп, өзара пікір алмасып жатыр. Аудан, қала, ауыл ішінде жүріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Әлеуметтік желіде сақтандыру жұмыстарын жиі жариялап, профилактикалық іс-шараларды кеңінен жүргізуде. Дегенмен қоғамдық орындарда құқықбұзушылық азаймай тұр. Бұл бағытта жыл басынан тәртіп сақшылармен 53 362 құқықбұзушылық анықталған.

Көлікті мас күйінде тізгіндейтіндер көп

Жетісу автожолдарында 150 жуық көлік жүргізуші көлікті мас күйдіне басқарған. Тіпті оның бесеуі ұсталып, үстіне іс қозғалғанымен, кейін сол ережені қайта бұзған. Бүгінде олардың бәрі қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Тәулік ішінде жедел басқару орталығының қызметкерлері шамамен 120 қоңырауды қабылдайды. Оқиға орнына жасақтардың уақытылы келуі GPS навигаторларының көмегімен бақыланады. Қызметкерлер бейнебақылау арқылы Талдықрған аумағының халық тығыз орналасқан учаскелерінде қоғамдық қауіпсіздікке тұрақты мониторинг жүргізеді. Өз кезегінде тұрақты талдау мен бейнекамераларының тәуліктік бақылауы, аталған бақылау жүйелерін қай жерлерге орнату керектігі мен патрульдік бағыттардың уақытына түзету енгізуге мүмкіндік сыйлайды. Одан бөлек, жедел басқару орталығына облыстың оқу орындарында орнатылған камералар да шығарылған екен.

Біз өңір тұрғындарының өтінішін жерге тастамауға тырысамыз. Әіптестеріміз күн түн демей қызмет етуде. Тәртіп сақтап, ережеге бағынған адамға ешкім тиіспейді. Айта кетейін, облыс орталығында заңсыз әрекеттер туындаған жағдайда дабыл белгісін беруге және полицияны шұғыл шақыруға арналған 7 SOS түймесі орнатылған. Азаматтар осы құрылғының батырмасын басқан кезде жедел басқару орталығының полиция қызметкерімен дереу байланысып, құқық бұзушылық туралы хабарлауға немесе көмек сұрауға мүмкіндігі мол. Қараңызшы, қақаған қыста республикалық маңызы бар жолдарда тұрып қалған 500-ден астам көлік жүргізушісіне көмек қолын создық. Әрине, бұл тәртіп сақшыларының күнделікті жұмысы, - дейді Сарқытбай Зәкірұлы.

Бүгінде елдің тыныштығын ойлаған тәртіп сақшылары күрделі жағдайда дереу әрекет етуге дайын еткенін жеткізді. Адамдарға психологиялық көмек көрсеткен кезері де кездескен.

Айта кетейік, бүгінде облыс көлемінде 2454 қылмыстық іс тергелсе, оның 958-і аяқталып, 328 іс сотқа жолданған. Ең ауыры, есірткі зертханаларын жасау, ауыр жүк көліктерінен тауарлар мен материалдарды ұрлау, Қорғастағы жаппай бұзақылық, киік мүйізінің ірі партиясын сатумен айналысқан қылмыстық топтарға өңірді артқа артып тұр. Осы қылмыстарды қылмыстық істер бойынша тергеулерде мәресіне жетті. Күдіктілердің қылымыс дәлелденіп, бас бостандығынан айырылған. Мәселен, аса ірі көлемде есірткі заттарын сату, сотталғандардың әрқайсысы 10 жылға түрмеге тоғытылды. Қылмыстық жауапкершілікке барлығы 354 адам тартылған. Оның 77-сі аса ауыр қылмыс жасаған. Биылдың өзінде жәбірленушілерге 46 898 551 теңге көлемінде шығын өтелді.

Көлік салығы мен алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтарға шара қолданылады. Жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін 20 мыңнан астам хаттама борышкерлерге мәжбүрлі түрде жолданды. Оның барлығына жеке сот орындаушылармен атқарушылық өндіріс қозғалды. Сондай-ақ, жыл басынан «Борышкер» іс-шарасы щеңберінде айыппұлдары бар 27 автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Салақсыз борышкерлердің жалпы сомасы шамамен 60 миллион теңгені құрады. Дегенмен, әлі де отбасылық бюджетті үнемдеуге болады, - деді Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы полиция майоры Саят Ибраимов

Қазір өңірде үлкен жолдардағы бейнебақылау жүйелері істен шығып тұр. Ал қала ішіндегі камералардың бәрі қызметте. Алдағы уақытта заманауи техникалар қаптайды. Сонда құқық бұзушылық азаяды деген ойдамыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы