Жетісуда халық саны аз, яки тұтынушы да көп емес – кәсіпкер

Биыл осы салаға 8 млрд-қа жуық теңге бөлінген еді. Былтырға қарағанда осы кезеңде өнім 40 %-ға өскен. Шаруалар әлі де қолдау күтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өңірде шағын және орта бизнес иелері шалқып өмір сүріп жатқан жоқ. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде біршама қожалықтардың өнімі артқан. Олар әлі де көмекке зәру. Себебі енді аяққа тұрып келе жатқан шағын кәсіпорындар нарыққа бірден кіре алмайды.

Әр саланы өз кемшілігі мен артықшылығы бар. Мәселен шағын бизнестен орта бизнеске ойысу өте қиын. Сол сияқты үлкен кәсіпті бастау да оңай емес. Жетісуда халық саны аз, яки тұтынушы да көп емес деген сөз. Біз өнімімізді республикалық нарыққа шығара алмаймыз. Ол үшін мемлекеттен қолдау қажет. Облыс тарапынан да сондай жәрдем болғаны жөн. Цех ішіндегі техниканы жаңалау, масштабын кеңейту үшін де қаржы қажет. Онсыз болмайды. Ұн өнімдерін саудалау барысында көптеген қиындық болады. Үлкен сауда оралықтары бізбен келісімшарт жасаспайды. Себебі сұранысқа сай қызмет көрсету мүмкін емес. Олардың талабын орындау үшін кәсіпті дамыту қажет, - дейді кәсіпкер Еркін Талапов.

Жалпы, бұл секторға 60 мың субъект тіркелген. Онда шамамен 100 мыңнан астам адам қызмет көрсетеді. Мысалы саланы ілгерлетуге облыста 7,4 млрд қаржы қарастырылған. Соның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, ішінара кепілдік беру, инженерлік инфрақұрылым жүргізу түрінде көмектер де көрсетілген.

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін 120 кәсіпорын жүзеге асырады. Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында – 30 млрд теңге сомасына азық-түлік өндірілген екен. Бұл 2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында – 34,9 млрд теңге болған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жетісу облысы баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы