+1

Жетісу өрт қаупі жоғары аймаққа жатады

Жетісу өрт қаупі жоғары аймаққа жатады

Облыста жыл сайын жүздеген өрт оқиғасы тіркеледі. Бүгінде қауіпті бақылауға 3 мыңнан астам адам мен 600-ге тарта техника күштері дайын тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тәжірибелі мамандар қажет

Жетісуға жаз бастала демалушылар жиі келеді. Былтыр Алакөл мен Балқаш көліне 2 млн-ға жуық адам демалуға барған. Одан бөлек Жоңғар Алатау ұлттық паркіне саяхаттаушылардың да қатары көбейіп келеді. Олардың дені орманда серуендіктен рұқсатсыз от жағып, кейін өшіруді ұмытып кетіп жатады. Оған қоса маңайдағы елді мекендердегі малшылар мен аңшылар жылыну үшін болмаса тамақ жасау үшін арнайы от жаққан соң, шоғын өшірмей қалдырып кетеді. Заң бойынша орманды жерлерге тұтанатын түрлі құрал-жабдықтарды, жарылғыш заттарды жолатуға болмайды. Алайда бұл қағиданы демалушылар үнемі сақтай бермейді.

Осы жылы өрт қауіпті кезеңге дайындықшеңберінде әкімдікпен, мүдделі мемлекеттік органдармен және еріктілер ұйымдарымен бірлесіп, бірқатар профилактикалық және ескерту шаралары қабылданды. Атап өтсек, осы жылы өрт қауіпті маусымда Жетісу облысы аумағында орман және дала өрттерінің пайда болу және оларды жоютәуекелдерін төмендету жөніндегі іс-шараларының кезеңдік жоспары әзірленді. "Қыс-көктем" кезеңіне арналған алғашқы шаралар өткізіліп жатыр Ол 7 негізгі іс-шараны қамтиды, - дейді облыстық орман шаруашлығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Нұрболат Ноғайбеков.

Оның айтуынша, бүгінде аудандық деңгейде төтенше жағдайлар жөніндегікомиссия отырыстарын өткізу, жұмылдыру жоспарларын түзету, ғарыштық мониторинг, техниканы тексеру, қауіпті аймақтардан халықты эвакуациялау жоспары дайындалған. Бұл бағыттағы жұмыстар қатаң түрде қадағаланады.

Жалпы тілсіз жауды алдын алу жұмыстары жүйелі болмаса оқыс оқиғаға қанша техника күші мықты дегеннің өзінде сала мамандарының шамасы жетпеуі мүмкін. Мәселен орманы мен ну-тоғайы көп мемлекеттердің өзі жалынды оңайлықпен ауыздықтай алмайды. Себебі желдің бағытын анықтау өте қиын әрі білікті өрт сөндірушілер болмаса тәжірибесі толыспаған жас кадрлардың шала әрекеті істі ушықтырып жібереді.

Өрт сөндіру ісі көзге оңай көрінгенімен іс барысында ауырлай түседі. Қалың оттың ортасында қалсаңыз психологиялық соққыға ұшырайсыз, жалынды қақ жарып шығу үшін үлкен жігер керек. Сондықтан сала мамандарына психологиялық сабақтар өткізу шарт. Жас мамандарды жұмысқа ала салып өртке салсаңыз аман шығуы екіталай. Аптап ыстықта қызыл жалын сыртқы температураның күшімен жоғарылайды. Қорғаныш киіміңіздің өзі күйдіріп жіберуі мүмкін. Сол кезде алаңғасарлық таңытпау шарт, - дейді тәжірибелі өрт сөндіруші Естай Жаналтынов.

Жетісуда орманды алқаптар өте көп. Оның үстіне аграрл өңір болған соң егіншаруашылығымен еркін айналысып қалған жұрт төтенше жағдайға тап болса, тосырқап қалуы мүмкін. Сондықтан барынша сақтық шараларын ұстаған абзал.

Техника жеткілікті ме?

Әлемде өрт мәселесі техниканың сапалы һәм заманауи үлгісімен сыналады. Қызыл жалынға адамнан бұрын техниканың күші қажет. Бұл қайғылы оқиғалардың алдын алуда да өте маңызды әдіс. Алайда бұл жағынан Жетісу облысы ғана емес, мұқым мемлекетіміз кенже қалып келеді. Оған дәлел Семейдегі қайғылы жағдай. Әрине бұл істен бәрі сабақ алуы керек. Содан кейін сала мамандарының айлығы екі есе көбейгенімен, оған екі есе жауапкершілік жүктелді. Сондықтан іске адал болу әр маманның міндеті. Мұны бізге облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасның бас маманы Асхат Нұрханов айтып берді.

Өрт сөндірудің өзіндік талаптары бар. Табиғи өрттерді ерте және уақытылы анықтау үшін әуелі ғарыштық мониторинг жүргізіледі. Одан бөлек бейнебақылау, ПҰА (пилотсыз ұшу аппараттары) және авиациялықтехника пайдаланады. Осы арқылы түйткілдің алдын алуға болады. Жақында халықтың өрт қауіпті кезеңге дайындығын анықтау үшін комиссиялық тексерулер басталды. Бұл 27 тармақтан тұратын "ЕСКЕРТУ" үлгілері негізінде жүргізіледі. Онда өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету, техника мен жабдықтар, сумен жабдықтау, құрғақөсімдіктерден тазарту және басқа да жұмыстар қамтылған, - дейді А.Нұрханов.

Аталған басқарманың мәліметіне сүйенсек, өңірдегі жағдайды бақылау мақсатында 3098 адамнан және 529 бірлік техникадан тұратын күштер мен құралдардың өңірлік тобы бар. Нақтылап айтсақ, ЖПҚ 87 ж/қ және 11 бірлік тех, МҚҚ 265 ж/қ және 36 бірліктех, ҚМ 251 ж/қ және 14 бірлік тех, әкімдіктер 1826 ж/қ және 328 бірлік тех, орман шаруашылығыаумақтық инспекциясы қатарынан 669 ж/қ және 140 бірлік техника дайын тұр. Бүгінд өрт қауіпті кезеңге дайындық шеңберінде алдын алу және профилактикалық шараларының кешені қабылданданған. Заңнама шеңберінде дала өрттің сөндіруге жергілікті атқарушы органдар жауапты.Олар алдымен әрекет етуі шарт.

Бүгінде облыс шеңберінде МӨҚҚ жоқ елді мекендерінде табиғи өрттер мен өрттерге жедел ден қою үшін ЖАО 115 ерікті өртке қарсы құралымдар құрылды. Ашып айтсақ, ЕӨҚҚ саны - 2 мың 528 адам, 752 бірлік техника бекітілген, оның ішінде 2 өртсөндіру автоцистернасы, 353 соқа тракторы, 83 су тасығыш және 279 бірлік бейімделген техника, 130 мотопомпалар. Сондай-ақ, мемлекеттік өртке қарсы қызметбөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құрудың 5 жылдық кезең-кезеңімен жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдар 49 өрт сөндірубекетінің күштері мен құралдарын тартужоспарларына енгізді, олардың қаруында 7 өртсөндіру автокөлігі бар», - дейді облыстық орман шаруашлығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Нұрболат Ноғайбеков.

Құрылған өрт сөндіру бекеттері облыстың халық саны 154 мың адамнан асатын 159 ауылдық елді мекенінде өрттен қорғауды қамтамасыз етеді. Талап бойынша 20 км радиусты қамтиды. Аладығ уақытта Алакөл ауданына қарасты Лепсі ауылында және Қаратал ауданына қарасты Ақжар ауылында 2 өрт сөндіру бекетін құру көзделіп отыр.

Мамандардың айтуынша, өрт сөндіру барысында тұрғындардың да жәрдемі маңызды. Себебі әуелгі сақтық шараларын маңайдағы ауыл-аймақтар сақтауға міндетті. Ауа райының салдарынан болған оқыс оқиғалардың көбінде қарапайым халық зардап шегеді. Осыны ұмытпаған абзал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы